800-ге жуық адамды өлтірген мексикалық қандықол өз қылмысын мойындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикандық Хесус Чавес Кастильо 800-ге жуық адамды өлтіргенін мойындады. Ол мұны АҚШ консулдығының бірнеше қызметкері мен олардың отбасы мүшелерін өлтірді деп айыптаған іс бойынша сот процесі барысында мәлімдеді, деп хабарлады РИА «Новости».
Кастильоның айтуынша, ол Barrio Azteca бандысына кірген. Қылмыстық топтың атаманы Артуро Гольегос өз беделін көтеру үшін күнде біреуді оған өлтіртіп отырған. Қылмыскер 2010 жылы мексикалық Сьюдад-Хуарес қаласында ұсталды, кейіннен ол АҚШ-қа тапсырылды. Қазір ол Сьюдад-Хуарес қаласында АҚШ шекарасындағы американдықтарды атуға бұйырған өзінің бұрынғы бастығына қарсы жауап беруде.