81 жастағы американдық әйел лотореядан 335 млн-нан астам доллар ұтты
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Американың Ньюпорт қаласының тұрғыны 81 жастағы Луиз Уайт АҚШ-ғы атақты "Пауэрбол" лотореясынан 336,4 млн. доллар ұтты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.
Американдық әйел бұл билетті жергілікті азық-түлік дүкенінен сатып алғандығын және қомақты ұтысты бөлшектемей, барлық ақшесын алатынын айтты.
Айта кетейік, «Пауэрбол» лотореясының тарихында болған ең үлкен ұтыс 2006 жылы 365 млн. долларды құраған болатын.