81 жастағы қария газға уланып қалды - Атырау

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 81 жастағы қария газға уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

81 жастағы қария газға уланып қалды - Атырау

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 23 қаңтарда Жылыой ауданында жеке иеліктегі үйдің жылыту пешінен ақау шыққан.

Бұл туралы сағат 18:12-де хабар түскен.

«Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласындағы Нұрманов көшесінде орналасқан жеке үйде 1941 жылғы қария улы газға уланып қалды. Соның салдарынан 81 жастағы қария аудандық орталық ауруханаға түсті. Дәрігерлер оған орташа ауырлықтағы улану диагнозын қойды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында департаменттің Жылыой аудандық бөлімінен 1 қызметкер, «Жылыойгаз» ЖШС-нен 2 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 9 жасар бала жоғалып кетіп, кейіннен оның денесі судан табылғанын жазған едік.