81 жастағы «студент әже» университет дипломын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тяньцзинь университетінде (Солтүстік Қытай, Тяньцзинь) 2018 жылы заманауи қашықтықтан білім беру факультетінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Синьхуа.

81 жастағы «студент әже» университет дипломын алды

Солардың арасында курсты толықтай тәмамдағаны туралы диплом алған 81 жастағы «студент әже» Сюэ Миньсю де болды. 
null 

1936 жылы желтоқсанда дүниеге келген Сюэ Миньсю 2014 жылдың наурызынан бастап заманауи қашықтықтан білім беру факультетінің «электрондық сауда» мамандығы бойынша білім алып келген.
null 

Ол 2017 жылдың желтоқсанында информатикадан алтыншы рет емтихан тапсырып, университеттегі оқуын табысты аяқтаған.