82 мың астаналық қоғамдық көлікте тегін жүреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың 82 мың тұрғыны қоғамдық көлік қызметін тегін пайдалана алады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

82 мың астаналық қоғамдық көлікте тегін жүреді

«Бүгінде Астанада тұратын 82 мың адам жеңілдіктер қарастырылған топқа кіреді. Оған ҰОС қатысушылары және оған теңестірілгендер (2 208 адам), зейнеткерлер (57 452 адам), 1, 2, 3 топтағы мүгедектер (13 295 адам), қарулы күш құрылымдарының зейнеткерлері (5 144 адам), көпбалалы аналар (3 809 адам) жатады. Бұлар үшін қоғамдық көлікте жүру тегін», - делінген хабарламада.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлағандай, жеңілдіктер қарастырылған адамдарды қоғамдық көлікте тегін тасымалдау үшін 2014 жылы 1 154 843,0 мың теңге жұмсалады. Еске сала кетейік, Астана қалалық мәслихатының депутаттары шаһардағы қоғамдық көлікте жүру тарифінің көтерілуін құптады. Енді қоғамдық көлікте жүру құны ересектер үшін 90 теңге, ал балалар үшін 40 теңге болады.