82 мың қазақстандық Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінді

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері Жұмыспен қамту орталықтарына 82 мыңнан астам адам жүгінді,
None
None

деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі Pm.kz сайтына.

«Жергілікті атқарушы органдардың ресми мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылдың 12 желтоқсандағы жағдай бойынша қаралған өтініштердің негізінде 56,2 мың адам Бағдарламаға қатысушылардың қатарына енгізілген, олардың ішінде 55,6 мыңы әлеуметтік келісімшарттарға қол қойған», - делінген ведомство ақпаратында.

Атап айтқанда, әлеуметтік келісімшартқа отырғандардың 59,3 пайыздан астамы - 29 жасқа дейінгі жастар. Бос қызмет орындарының базасындағы тікелей бос жұмыс орындарына өтініш берген 5,6 мың адам жұмысқа тұрғызылды.

Соңғы жаңалықтар