82 жастағы әйел 40 жыл бойы ішіндегі бала туралы білмеген
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Колумбияда 82 жастағы әйел адамның ішінің қатты ауыруына байланысты дәрігерлерге қаралады. Медицина қызметкерлері бастапқыда ісік екен деген ойға келеді, алайда рентгенге түсіргеннен кейін сырқаттың шынайы себебі анықталды. Зейнеткер соңғы 40 жылда жатырында туылмаған баланы көтеріп жүрген болып шықты, осы уақытта іштегі нәресте тасқа айналып үлгерген.
Оған литопедион деп аталатын сирек кездесетін ерекше құбылыс себеп болған. Жатырдан тыс жүктілік кезінде іштегі нәресте өліп кеткен жағдайда, оны кальций тұзы қаптайды, ол шірімейді әрі ананың ағзасын да зақымдамайды екен. Жалпы, медицина тарихында мұндай жағдайдың саны 300-ге де жетпейді, деп жазады The New York Daily News.