82 жастағы спортшы жүз метрді 22 секундта жүгіріп өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 82 жастағы спортшы Кристел Донли жеңіл атлетикадан АҚШ чемпионатында 100 метрге жүгіруден жеңімпаз атанды.
Әйел бұл қашықтықты 21,60 секундта жүгіріп өткен. Екінші болып 92 жастағы Мэри Норкауэр (33,21 секунд), ал үшінші болған 101 жастағы Джулия Хокинс (40,12 секунд) мәреге жетті.
Жарыс Луизиана штатының Батон-Руж қаласында өтті.