83 жастағы борт қызметкері зейнет демалысына кетпек

АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Колорадо штатының тұрғыны Рон Акана зейнеткерлікке шығуға жиналды, деп хабарлады Утро.ру.

83 жастағы борт қызметкері зейнет демалысына кетпек

Гавай аралында дүниеге келген ол туған жерінен жас кезінде кетіп, United Airlines авиа компаниясына жұмысқа орналасты. Содан бері ол компанияда 63 жыл қызмет еткен екен. Бір кездерде әйелі де осында жұмыс жасаған, бірақ авиакомпанияда ері мен әйелі бірге жұмыс жасауға болмайтын талап бар, сондықтан да әйелі жұмыстан кеткен, қазір олардың қызы да борт қызметшісі болып істеуде. Егде жастағы борт қызметкері әрине жұмысын сағынатын болады, бірақ оған денсаулығы мұрша бермейді. Ол ең қарт қызметкер ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енген деген дақпырт бар, бірақ Гиннесс сайтына енгізілмеген.  

United Airlined авиакомпаниясы 1926 жылы құрылған, онда 86 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания ұшақтары мыңнан астам бағытта 170 елде әуе қатынасын жүргізеді.