83 жастағы голливуд актері К. Иствуд бір адамды ажалдан құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал голливуд актері әрі режиссері Клинт Иствуд калифорниялық Кармел қаласында гольфтен кәсіби турнирдің ашылуы рәсімінде ірімшікке қақалып, тұншыға бастаған адамды ажалдан аман алып қалды.

83 жастағы голливуд актері К. Иствуд бір адамды ажалдан құтқарды

Бұл оқиға осы аптаның ортасында турнирдің ашылуына орай ұйымдастырылған қабылдау кезінде орын алды. Аталмыш шараға қатысқан 83 жасар Иствуд турнир директоры Стив Джонның өміріне осылайша араша болған көрінеді.

«Тұншығып жатқан сәтте Иствуд кеудеден төмен екі қолымен қапсыра құшақтап, үш мәрте жұлқыды. Осыдан кейін қақалып қалған ірімшігім ытып шықты. Клинт менің өмірімді құтқарып қалды»,-дейді С. Джонн.