84 жастағы кейуана 600 млн долларға жуық ұтысқа ие болды

АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Powerball лотереясынана зейнеткер ірі ұтысқа - 590 миллион долларға ие болды, деп хабарлады «Ваши личные финансы» сайты. Бақытты билет Флорида штатындағы Зефирхиллс қаласындағы супермаркеттен сатып алынған.

84 жастағы кейуана 600 млн долларға жуық ұтысқа ие болды

Жақында миллионер кейуана ұлымен және екі адвокатпен бірге бүкіл ұтыс сомасын алуға лотереяны ұйымдастырушылардың кеңсесіне келді. Лотерея шарты бойынша, ұтысты түгелдей алғанда оның сомасы едәуір азаяды. Ұтысты түгелдей бірнеше жыл бойы жылсайынғы төлемдерімен алып отыру қажет. Алайда зейнеткер ұтысты түгелдей алуға ұйғарды. Бақытты жеңімпаздың есімі әлі жарияланған жоқ. Штаттың заңы бойынша ұтысты жеңімпаздың есімі жарияланғаннан кейін ғана алуға болады. Ұтыс қаржысын тапсыру рәсімі жақын күндерде өтпек.

Зейнеткер тұратын Зефирхиллс қаласында барлығы 13 мыңға жуық адам тұрады. Бұдан бұрын оның бір тұрғыны АҚШ тарихындағы ең ірі джекпотты ұтқан болатын.