85,3 млн. гектар жерді Қазақстанның заңды және жеке тұлғалары жекеменшікке аукцион арқылы сатып алу мүмкіндігі бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған 85,3 млн. гектар жерді Қазақстанның заңды және жеке тұлғалары жекеменшікке аукцион арқылы сатып алу мүмкіндігі бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында жарияланды.
None
None

«Фермерлік пен бүкіл аграрлық секторды дамыту үшін айтарлықтай ынталандырушы күш Жер кодексіне енгізілген өзгерістер болды. Жаңа құқықтық нормалар жұмыс істеп тұрған 224 мыңнан астам агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне олар жалға алған 97,4 млн. га жерді жекеменшікке алуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, кадастрлық құнының 50 пайызы көлемінде 10 жыл мерзімге бөліп-бөліп төлеу қарастырылған. Бұдан бөлек, 102 млн. гектар запас жердің ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған 85,3 млн. гектарын да Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары жекеменшікке аукцион арқылы сатып ала алады»,-делінген ҚР Президенті мақаласында.

Соңғы жаңалықтар