85-ке келсем де істегеннен істемегенім әлі өте көп - ҚР ҰҒА академигі Әбдуәли Қайдар

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазір 85-ке келдім. Екінші дүниежүзік соғысқа қатысқан кездегі 5 жылымды алып тастасам, қалған 60 жылда түгел ғылым жолында келе жатырмын. Еңбегім ескеріліп, бұған дейін "Отан" орденін алдым. Бүгін Елбасы Жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" деген мәртебеге ие болып отырмын. Біз ғылым жолындағы өз жұмысымызды атақ үшін жасамаймыз", дейді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, академик Әбдуәли Қайдар. Әйгілі тілтанушы соңғы жылдары "Қазақтар қандай халық" және "Қазақтар ана тіл әлемінде" деп аталатын бірнеше томдық жаңа еңбектерін жазып шыққан болатын. Қазіргі таңда "Қазақтар қандай халық" дегеен кітабы мен "Қазақтар ана тілі әлемінде" деген үш томдығының "Адам" деген алғашқы томы жарық көрді. "Қоғам" және "Табиғат" деген қалған қалған екі томы жақын арада шығады деп жоспарланып отыр.