12:38, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
88 жастағы нигериялық қария мектеп табалдырығын аттады
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Нигериялық Әбубакар Мұхаммад Баринжими 88 жасында алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр.

Қария мектепке алғаш барғанымен қоймай, ғылым кандидаты атанудан үмітті екенін айтуда. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.
Ақсақалды сыныптағы балалар алғаш рет көргенде
біраз абыржыған болатын. Дегенмен, қария оларға табандылығымен және ыждаһаттылығымен үлгі болып отыр. Қария ең жоқ дегенде, 120 жасқа дейін өмір сүріп, дін ілімінен кандидат атағын алып үлгергісі келеді. Қария ең алдымен, Құран Кәрімді оқып үйренбек.
Сабақтарын дайындауға ақсақалға оның 8 баласы мен 60 немересі көмектесуде. Қарияның туыстары, тұрғындарының 30 пайызы ғана сауатты Нигерияның солтүстігінің басқа да тұрғындары одан үлгі алады деп үміттенуде.