13:46, 07 Ақпан 2024 | GMT +5
9-11 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлкеттік кірістер комитеті ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 9-11 ақпанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлады.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.