9-11 маусым күндері ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 9-11 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9-11 маусым күндері ауа райы қандай болады

Алдағы үш күнде жоғары циклонның әсерінен Қазақстанның көптеген өңірлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.

Тек республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында антициклонның ықпалымен күн ашық, жауын-шашын жаумайды.

Еліміздің батыс бөлігінде күндізгі температура көпжылдық орташа мәннен 0...4 градусқа жоғары, оңтүстік-шығыста нормадан 0...4 градусқа төмен, ал қалған аумақта температура норма шамасында болады.