9 584 386 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 29 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 584 386 адам, 2 - ші компонентін 9 368 116 адам салдырды.

9 584 386 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылғы 29 тамызда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 238 684 адам, ІІ-ші дозасын 1 198 556 адам салдырды.

Оның ішінде: І-ші компонентін 874 358 жасөспірім, 41 624 жүкті әйел, 145 443 бала емізетін әйел салдырды.

ІІ-ші компонентін 859 332 жасөспірім, 39 453 жүкті әйел, 141 995 бала емізетін әйел салдырды.