9,8 миллион адамға мемлекет есебінен медициналық қызмет көрсетіледі

Астана. ҚАЗаҚПАРАТ - Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесін енгізгеннен кейін халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына жататын 9,8 млн.-нан астам адамға олар үшін мемлекеттің жарна төлеуі арқылы медициналық қызмет көрсетілетін болады. Бұл туралы деректер молынан келтірілген мақала «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрді.
None
None

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры (әрі қарай - ӘМСҚ) жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады, оның ішінде 12-сі - халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар, әс­кери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Халықтың әлеуметтік тұр­ғыдан осал тобына:

- балалар;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен мара­патталған көп балалы аналар;

- ҰОС ардагерлері мен мүге­дектері;

- мүгедектер;

- жұмыссыз ретінде тіркел­ген азаматтар;

- интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында күн­дізгі бөлімдерде, сонымен қатар, резидентура формасындағы ЖОО-дан кейін білім алып жатқан тұлғалар;

- бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты дема­лыс­тағы тұлғалар;

- жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;

- зейнеткерлер;

- ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;

- уақытша ұстау изолятор­лары мен тергеу изолятор­ларындағы азаматтар жатады.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап мемлекет, жұмыс беру­шілер, өзін өзі жұмыспен қамты­ған азаматтар ӘМСҚ-ға жарна төлеуді бастайды.

Ерекше санаттағы азаматтар үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орта­ша айлық еңбекақының 7 %-ын құрайды. Сонымен қатар, мөл­шер­леменің көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жыл­дан 7%-ға сатылай өсетін бола­ды.

Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады.

Өзін өзі жұмыспен қам­тыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіп­кер­лер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардың кірісінің 7%-ын құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады.

Жалдамалы жұмысшылар жарнаны 2019 жылдан бас­тап 1%, 2020 жылдан 2% мөлшерінде төлейтін болады.

Қор арқылы қаржыландыру 2017 жылғы 1 шілдеден басталады.

Соңғы жаңалықтар