9 ақпан күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 ақпан күні еліміздің оңтүстік жартысында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) қатты жауады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ болжанады. Ал еліміздің солтүстік жартысында қар жауады, желдің күшеюі, бұрқасын сақталады. Республиканың тек батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с күшейіп, бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының жолдарында көктайғақ күтіледі.
Қостанай, Қарағанды, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-23 м/с артып, бұрқасын болады. Қарағанды облысында сондай-ақ тұман болжанады.
Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Жамбыл облысында желдің екпіні 23-28 м/с артып, жаяу бұрқасын жүреді.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысында кей жерлерде көктайғақ, Батыс Қазақстан облысында тұман болжанады.