9 айда 577 мың адам стационарды еркін таңдау құқығын жүзеге асырды
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауруханаға жоспарлы жатқызу барысында азаматтардың стационарды еркін таңдау құқығы жүзеге асып жатыр.
Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің өкілі Нағима Нығманова мәлім етті.
«Бұл ретте мәселе жоспарлы жағдайларға қатысты болатынын ерекше атап өткім келеді. Ал шұғыл ауруханаға жатқызу кезекші, яғни жақын маңдағы клиникаларда жүзеге асырылады. Жоспарлы түрде ауруханаға жолданатын пациент портал арқылы өзінің кезегін күтеді», - дейді Н.Нығманова.
Оның айтуына қарағанда, ағымдағы жылдың 9 айында стационарды еркін таңдау құқығын 577 мың адам пайдаланған. Олар жоспарлы тәртіппен стационарда емделіп шығуға жолдама алды. Ал осы құқықты пайдаланғандардың 40 пайызын ауыл тұрғындары құрады.