9 айда ауыл шаруашылығына 598,9 млрд теңге инвестиция салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 598,9 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9 айда ауыл шаруашылығына 598,9 млрд теңге инвестиция салынды

«Осы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 7,5 пайызға ұлғайып, 598,9 млрд теңгені, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 27,6 пайызға артып, 88,8 млрд теңгені құрады», - деді министр.

Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрлігі жоспарлаған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін барлық қажетті іс-шараларды қабылдап жатқанын айтты.

Министрдің дерегінше, осы жылдың 9 айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6,9 пайызға ұлғайып, 6,8 трлн теңгені құрады. Бұл өсім өсімдік шаруашылығы өнімі көлемінің 11 пайызға, мал шаруашылығы өнімінің 1,1 пайызға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.