9 айда бюджетке 14,9 трлн теңге кіріс кірген
АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы министрі Мәди Такиев бюджеттің кіріс жоспары неге орындалмай жатқанын айтты.
«Мемлекеттік бюджетке түскен кірістер көлемі 14 трлн 967 млрд теңге болып, жоспар 93,2%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджеттің түсім көлемі 9 трлн 74 млрд болып, жоспар 83,1% орындалды», - деді ол.
Министрдің сөзінше, жоспардың орындалмауына салықтар түсімдерінің 76%-ғана орындалуы әсер еткен. Айтуынша, кірістер жоспарының дұрыс орындалмауына мынандай себептер түрткі болған:
Біріншіден, мұнай өндіру көлемі 5,3 млн тоннаға қысқарған.
Екіншіден, әлемдік экономиканың баяулауы мен геосаяси жағдайлар сыртқы сауда қызметіне, елдің ірі компанияларының жеткізу тізбегінің үзіліп қалуына әсер еткен.
Үшіншіден, қосылған құн салығын қайтару көлемі былтырғыдан 3 есе ұлғайған.
«Бұл өз кезегінде бизнесті айналым қаражатымен қамтамасыз етті», - деді министр.