9 айда некеге тұрғандар саны 8,8 пайызға өсті- статистика

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте некеге тұрғандар саны 8,8 пайызға өсті,
None
None

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте некеге тұрғандар саны 8,8 пайызға өсіп, 115832-ні құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінде 106457-і болатын. Некенің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 9,3-ті (9,1) құрады.

«Ажырасулар саны да 6,5 пайызға өсті және 33319 (31284) болды. Ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 2,7-ні (2,6) құрады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар