9 айдағы қысқамерзімді экономикалық индикатор 4,4 пайыз деңгейінде бағаланады
АСТАНА. KAZINFORM – 9 айдағы қысқамерзімді экономикалық индикатор 4,4 пайыз деңгейінде бағаланады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.
«Қаңтар-тамыз аралығындағы қысқамерзімді экономикалық индикатор жылдық мәнде 4,4% деңгейінде бағаланып отыр. Іскерлік белсенділіктің кеңеюі ішкі және сыртқы сұраныспен қамтамасыз етіледі. Айтарлықтай өсім құрылыс, көлік, ақпарат және байланыс салаларында байқалуда. Өнеркәсіпте өңдеу секторының оң динамикасы сақталады. Ал, тұрақты ішкі сұранысқа байланысты сауда саласының көрсеткіштері қарқынды», - деді ҰБ төрағасы.
Оның атап өтуінше, ішкі сұраныс халықтың нақты табысының өсуімен қамтамасыз етіліп отыр. ҰСБ-ның жаңартылған мәліметтері бойынша, шілде айының соңында нақты кірістердің өсімі 4,5% болды. Сондай-ақ бұған экономиканың ресурстық емес секторындағы инвестициялық белсенділіктің кеңеюі мен жүргізіліп жатқан фискалдық ынталандыру өз ықпалын тигізіп отыр.
«Ұлттық банк бақылап отырған іскерлік белсенділік индексі жылдың көп бөлігінде немесе сегіз жыл тарынан оң аймақта қалыптасты. Кәсіпорындар бизнес жүргізудің келешек шарттарын оң бағалады», - деді Тимур Сүлейменов.