9 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрады - Ә.Смайылов
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Алдын ала есептеулер бойынша биылғы қаңтар-қыркүйекте жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,0 пайызды құрады. Бұл болжамды бағалау болып табылады және ол қысқа мерзімді экономикалық көрсеткішке негізделіп отыр», - деді комитет басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, жылдың аяғына дейін ЖІӨ деңгейі артады деп болжануда.