9-қабаттан құлаған екі жасар сәби аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Красноярск өлкесінде тергеушілер Сосноборск қаласындағы көпқабатты үйдің терезесінен екі жасар баланың құлап кетуі оқиғасына байланысты тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Бұл туралы РТК тергеу басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Бүлдіршін аман қалған, қазір ауруханада.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, таңертеңгілік бала үйінде, ата-анасының қарауында болған сәби 9-қабаттағы пәтердегі бөлменің ашық қалған терезесінен құлап кеткен.
Бүлдіршін түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.