9 қаңтар. Туған күн иелері
ЕСІМДЕР
58 жыл бұрын (1961) Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Сәкенұлы ПІШЕНБАЕВ дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының Ворошилов ауылында туған. 1986 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолы: Кеңшарда экономист, комсомол ұйымының хатшысы (1986-1991); Алматы қаласында «Қазсу құрылыс материалдары» жабдықтарды жиынтықтау жөніндегі инженері, Алматы қаласында ҚазКСР Мемлекеттік жабдықтау «Қазсыртқыалмасу» көтерме-делдалдық фирмасының коммерциялық бөлімінің бастығы (1991-1993); «Қазсыртқы келісімшарт» АҚ республикалық келісімшарт корпорациясының өндірістік-коммерциялық бөлім бөлімшесінің бастығы, коммерциялық бөлімінің бас маманы (1993-1994); Алматы қаласында «Мақсат» фирмасының коммерциялық директоры (1994-1995); Алматы қаласында «Бизнесбанк» АБ Валюта басқармасының сыртқы сауда операциялары бөлімінің маманы (1995-1997); Астана қаласында «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ бөлімінің бастығы (1997-2000); «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ өкілдігінің директоры (2000-2004); Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі (02.2004-10.2008); Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі (10.2008-05.2011); «Нұр Отан» ХДП Солтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары (06.2011-06.2013) 2013 жылғы 28 маусымнан Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. 2015 жылдың маусымынан қазіргі қызметінде. «Құрмет» (2006) ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Еңбек даңқы» (2010) медальдары. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты.
54 жыл бұрын (1965) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Мақсұтұлы МҰХАМЕДИЕВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Өскемен құрылыс-жол институтын тәмамдаған, мамандығы - автомобиль көлігін пайдалану бойынша инженер (1989).
Алматы облысында автоколонна автожасағының бастығы (1989 жылдан); Солтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бөлімінің бастығы (07.2010-09.2010); Солтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары (2010-2016).
Қазіргі қызметінде - 2016 жылдың наурыз айынан бері.
50 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Дархан Айтқалиұлы ДІЛМАНОВ дүниеге келді.
Қызылорда қаласында туған. 1990 жылы Қызылтулы Мәскеу жоғары командалық шекара училищесін аяқтаған. 2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмәмдаған. 2009 жылы - Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің Шекара академиясында оқыған.
Шекара заставасы бастығының орынбасары, учаске коменданты, комендатура бөлімінің орынбасары, шекара отрядының бастығы қызметтерін атқарды. 2006 жылдың маусымынан 2008 жылдың желтоқсанына дейін - Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі «Шығыс» өңірлік басқармасы бастығының орынбасары. 2008 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының бастығы. 2012 жылдың сәуір айынан 2013 жылдың шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі «Солтүстік» өңірлік басқармасы бастығының орынбасары. 2013 жылдың шілдесінен 2014 жылдың қазан айына дейін - Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және кадрлар жұмысы бас басқармасы бастығының орынбасары.
2015 жылдың маусым айынан бері - қазіргі қызметінде.