9 қаңтар. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 9 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
63 жыл бұрын (1962) «АУЫЛ» ХДП Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Қайрат Сәкенұлы ПІШЕНБАЕВ дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Ворошиловка ауылында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист.
Еңбек жолы: 1986-1991 жылдары совхоз комсомол комитетінің экономисі, хатшысы, 1991-1993 жылдары Алматы «Қазводстройматериалында» жабдықтау инженері, Алматыдағы ҚазКСР Мемлкеттік «Казвнешобмен» көтерме делдалдық кәсіпорнының коммерциялық бөлімінің бастығы, 1993-1994 жылдары «Қазвнешконтракт» акционерлік қоғамы Республикалық мердігерлік корпорациясы өндірістік-коммерциялық бөлімшесінің бастығы, коммерциялық бөлімінің бас маманы, 1994-1995 жылдары Алматы қаласындағы «Мақсат» серіктестігінің коммерциялық директоры, 1995-1997 жылдары Алматы қаласы «Бизнесбанк» АҚ валюталық бөлімінің саудалық емес операциялар бөлімінің маманы, 1997-2000 жылдары Астана қаласындағы «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ бөлім бастығы, 2000-2004 жылдары «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ өкілдігінің директоры, 2004-2008 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі, 2008-2011 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі, 2013-2015 жылдары М.Жұмабаев ауданының әкімі, 2015-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы, 2020-2024 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі болды.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Еңбек даңқы» медальдарымен марапатталған.
60 жыл бұрын (1965) Петропавл қаласының әкімі Серік Махсұтұлы МҰХАМЕДИЕВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Биғаш ауылында туған. Өскемен жол-құрылыс институтын «Инженер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1989 жылы Алматы қаласындағы 2562 автоколоннасының пайдалану бөлімінің бастығы, 2010-2016 жылдары «АВТО-Холдингтік Компания» ЖШС экономисі, коммерция жөніндегі орынбасары, сауда-коммерция бөлімінің бастығы, директоры, «A.G. Trade» ЖШС директоры, «Достар плюс компаниясы» ЖШС қаржы директоры, «Dega Plus» ЖШС қаржы директоры, сметалық-шарттық жұмыстарды жоспарлау және жүргізу бөлімінің бас маманы, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары, 2016-2021 жылдары Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы, 2021-2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімі қызметін атқарды.
2023 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.
45 жыл бұрын (1980) Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы Дариға Саломатқызы КЕСІКБАЕВА дүниеге келді.
Чарджоу облысында (Түркіменстан Республикасы) туған. «Қайнар» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2000-2001 жылдары Маңғыстау облысы Әділет департаментінің сот шешімдерін орындау жөніндегі ұйымдастыру-талдау бөлімінің жетекші маманы, 2001-2008 жылдары ұйымдастыру-талдау жұмысы және атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі, 2009-2010 жылдары Маңғыстау облысы бойынша сот актілерін орындау департаментінің ұйымдастыру-талдау жұмыстары және атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, 2015-2019 жылдары ҚР Әділет министрлігі Маңғыстау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостиль қоюды әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2019 жылдың желтоқсан айынан бері қазіргі қызметінде.
44 жыл бұрын (1981) «Aurora Minerals» компаниясының бас директоры Қайсар Көшкінбайұлы ҚОЖАМҰРАТОВ дүниеге келді.
Қазақ-түрік лицейін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) бітірген, іскерлік әкімшілік және бухгалтерлік есеп бакалавры.
Еңбек жолы: 2004 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» ЖШС аудиторы, 2006 жылы CNRG Capital тау-кен компаниясында, 2011 жылы «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы басшысының орынбасары, 2012 жылы «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқарушы директоры, 2015 жылы «Aurora Minerals Group» негізін қалаушы, директоры, 2022 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы тау-кен металлургия саласы бойынша сараптама тобының мүшесі болды.
40 жыл бұрын (1985) «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының әкімшілік-құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Асқар БАЙМЫРЗАҰЛЫ дүниеге келді.
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген, Заң магистрі, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2016-2018 жылдары «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету және сот талап-арыздармен жұмыс департаментінің топ жетекшісі, 2018-2019 жылдары «Транстелеком» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры қызметін атқарды. 2019 жылдан – «Транстелеком» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры, басқарма мүшесі
175 жыл бұрын (1850-1902) орыс геологы және географы, Түркістан өлкесін алғаш зерттеушілердің бір Иван Васильевич МУШКЕТОВ дүниеге келді.
Ресейдің Волгоград облысында туған. Санкт-Петербор тау-кен институтын бітірген. Түркістан генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар бөлімінде қызмет істеген. 6 рет ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысып, Тянь-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Памир-Алтай тауларын зерттеді. Түркістан өлкесінің картасын түзетіп, толықтыруға атсалысты. Орта Азия тау тізбектерінің орографиялық кұрылысы туралы бұрынғы түсінік өзгертіліп, Тянь-Шань мен Памир-Алтай тауларының солтүстікке қарай иілген ендік доғалардан тұратындығын анықтады. 1884 жылы Г.Романовскиймен бірге Түркістанның тұңғыш геологиялық картасын жасады. Арал Қарақұмының шығу тегін, Каспий теңізі деңгейінің көтерілу мөлшерін зерттеп, Батыс Қазақстанда геологиялық және географиялық бақылаулар жүргізді. 1887 жылы Верныйға (қазіргі Алматы) келіп, жер сілкіну себептерін және оның зардаптарын анықтады. Өлкедегі зерттеулерін 2 томдық «Түркістан» деп аталатын еңбегінде қорытындылады. Бұл еңбекте аймақтың тұңғыш геолог және географиялық толық сипаттамасы берілді. Әр жылдары оңтүстік Оралда, Кавказда геологиялық және кен барлау жұмыстарымен айналысты. 2 томдық «Физикалық геология» атты теориялық еңбегі жарияланған. Мушкетов құрметіне Сібірдегі тау, Тянь-Шаньдағы мұздық аталған.