9 қаңтар. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 9 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Ресейдің Волгоград облысында туған. Санкт-Петербор тау-кен институтын бітірген. Түркістан генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар бөлімінде қызмет істеген. 6 рет ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысып, Тянь-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Памир-Алтай тауларын зерттеді. Түркістан өлкесінің картасын түзетіп, толықтыруға атсалысты. Орта Азия тау тізбектерінің орографиялық кұрылысы туралы бұрынғы түсінік өзгертіліп, Тянь-Шань мен Памир-Алтай тауларының солтүстікке қарай иілген ендік доғалардан тұратындығын анықтады. 1884 жылы Г.Романовскиймен бірге Түркістанның тұңғыш геологиялық картасын жасады. Арал Қарақұмының шығу тегін, Каспий теңізі деңгейінің көтерілу мөлшерін зерттеп, Батыс Қазақстанда геологиялық және географиялық бақылаулар жүргізді. 1887 жылы Верныйға (қазіргі Алматы) келіп, жер сілкіну себептерін және оның зардаптарын анықтады. Өлкедегі зерттеулерін 2 томдық «Түркістан» деп аталатын еңбегінде қорытындылады. Бұл еңбекте аймақтың тұңғыш геолог және географиялық толық сипаттамасы берілді. Әр жылдары оңтүстік Оралда, Кавказда геологиялық және кен барлау жұмыстарымен айналысты. 2 томдық «Физикалық геология» атты теориялық еңбегі жарияланған. Мушкетов құрметіне Сібірдегі тау, Тянь-Шаньдағы мұздық аталған.