9 қараша күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 9 қараша күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы.
10.45-те «Қазақстандағы қант диабеті: емдеу әдістері және әлеуметтік бастамалар» Ұлттық баспасөз-конференциясы өтеді. Өтетін орны: «Қазмедиа» орталығы, конференциялар залы, 21-қабат.
12.00-де Ресей Федерациясының Президенті В. Путиннің ресми сапары. «Ақорда» резиденциясы.
12.00-де ҚР Қаржы министрлігі «Кедендік әкімшілендіру» тақырыбына брифинг өткізеді. Мекен жайы: Жеңіс даңғылы, 11.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-де баспасөз конференциясы. Тақырыбы: «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру». Тікелей көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
14.30-да Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Жастар» сарайында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізеді.
16.00-де ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасында «Қазақстанның дарынды балалары» атты жаңа кітаптің тұсаукесері өтеді.
17.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында қазақтың ақиық ақыны «Мұқағали» бейнесін қазақ театр сахнасында тұңғыш рет сомдаған, қалың көрерменнің зор ықыласына бөленіп жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанқалдыбек Төленбаев Мүфтиұлының 50 жас мерейтойына арналған «Өнер — өмір өзегім» атты концерті өтеді.