9 қарашада елордада күн жылынуы ықтимал

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Ауа райы Астанада 7-8 қарашада  жауын-шашынсыз, аязды болады. Ауа температурасы осы күндерде күндіз  4-тен  10 градусқа дейін салқындап, түнде - 9-дан  13 градусқа дейін төмендейді.

9 қарашада елордада күн жылынуы ықтимал

Солтүстік батыстан  5-10 м/с жел соғады, деп хабарлайды елорданың ресми сайты  «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«9 қарашада ауа температурасы біртіндеп жылынады: күндіз 0 - 2 градус  аяз болса, түнде 5-7 градусқа дейін төмендейді. Аздаған қар жаууы мүмкін», - деп хабарлайды синоптиктер.