9 қарашада Қазақстанның солтүстік облыстарында тұман түсіп, боран соғады

жел боран
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Сенбі, 9 қарашада Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ болады. Батыста, солтүстікте, облыс орталығында жел 15-20 м/с.

Ақмола облысында күндіз қар жауып, түнде және күндіз бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз 23-28 м/с болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 30 м/с және одан да асып түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Шығыста, Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан оңтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында көктайғақ, бұрқасын болады, күндіз көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі; Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында желдің күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 23-28, кей уақытта 30 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде кей жерлерде 30 м/с және одан да көп жел соғады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында 15-20 м/с жел соғады.

Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram