9 қазан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 9 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.
9 қазан. БЕЙ СЕНБІ
Дүниежүзілік пошта күні. 1957 жылы болған бүкілдүниежүзілік пошта одағының 14-ші конгресінің шешімі бойынша, 1874 жылы пошта одағының құрылған күніне орай атап өтіледі.
Бүкіләлемдік көру күні
Жыл сайын қазан айының екінші бейсенбісінде тойланады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған күнді атап өту бастамасын көтерген. Ол ДДСҰ дүниежүзілік науқандары мен БҰҰ-ның халықаралық күндерінің қатарына кіреді.
Уганда Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1962). Уганда - Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Суданмен, шығысында Кениямен, оңтүстігінде Танзания, Руандамен, батысында Конго Демократиялық Республикасымен шектеседі. Астанасы - Кампала қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі, сонымен қатар жергілікті тілдер де қолданылады. Ақша бірлігі - уганда шиллингі.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
283 жыл бұрын (1731) Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз қазақтары Ресейге қосылды.
22 жыл бұрын (1992) тарихшы Халифа Алтайға «Ата жұрттан Анадолыға дейін» атты кітабы үшін Қазақстан Жазушылар одағының «Алаш» сыйлығы берілді.
18 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Киров ауданы - Асықата ауданы, Алғабас ауданы - Бәйдібек ауданы болып өзгерді.
14 жыл бұрын (2000) 9-10 қазанда 21 қабатты бизнес орталығынан және 3 қабатты «Рамстор» гипермаркетінен тұратын «Астана мұнарасы» кешені пайдалануға берілді.
8 жыл бұрын (2006) Қызылорда облысы Жалағаш ауданының орталығы - Жалағаш кентіндегі алаңға Кенесарының азаттық күресіндегі басты батырлардың бірі - Бұқарбайға ескерткіш орнатылды. Ескерткіш авторы, белгілі мүсінші Мұратбай Үмбетовтің айтуынша, оның аяғының жанында жатқан жолбарыс батырдың жас кезіндегі қаймықпайтын жүректілігі туралы аңызға орай алынған. Ел аңызына қарағанда, жолбарыс ұлтжанды батырдың түсінен шықпайтын әруақты серігі болғанға ұқсайды.
6 жыл бұрын (2008) Қазақстан Республикасында алғаш рет «Қазпошта» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Бірінші республикалық пошта маркаларының коллекциясын жинаушылар съезі» болып өтті. Съез барысында «Қазақстанның пошта маркаларының коллекциясын жинаушылар одағы» қоғамдық бірлестігін құру ұйғарылды.
6 жыл (2008) бұрын Астанада аналар мен балалар үшін «Sabi» аналық пен балалық клубы жұмыс істей бастады.
5 жыл бұрын (2009) Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мен екінші деңгейлі 5 банк арасында өңдеу саласындағы кәсіпкерлік субъектілерді қолдау және жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу үшін 3 келісім жасалды.
5 жыл бұрын (2009) Сарысу ауданының Жайылма ауылында жаңа спорт кешенінің ашылу рәсімі өтті.
Спорт кешенінеге Оңтүстік Қазақстан облысының қазақша күрес бойынша чемпионы Бөрібек Тоғызбаевтың есімі берілген. Спорт кешенді жеке кәсіпкер Б.Тоғызбаевтың ұлы Жеңіс салды. Екі қабатты ғимараттың ішінде күреспен, стол теннисімен, шахматпен, дойбымен айналысатын спорт залдары, және жуыну бөлмелері бар.
5 жыл (2009) бұрын Қазақстанның халық әртісі Гауһар Мырзабекова мен халықаралық конкурстардың жеңімпазы пианист Әмір Тебенихин Нью-Йорктегі «Таймс-орталықта» концерт берді. Тамаша жұп тыңдармандарға И.Бах, Р.Шуман, С.Франк, Д.Россини сынды композиторлардың туындыларынан тұратын классикалық музыка бағдарламасын ұсынды. Музыканттар американдық көрермендер үшін қазақстандық композитор Ахмет Жұбановтың «Ариясын» да орындады.
5 жыл (2009) бұрын ҚР Қызыл жарты ай қоғамдастығы мигранттар үшін Астана, Алматы және Алматы облысындағы филиалдары жанынан үш ақпараттық-білім беру орталығын ашты.
4 жыл (2010) бұрын қазақстандық музыкант Марат Бисенғалиев ол құрған Батыс Қазақстан филармониялық (WKPO) және Үндістан симфониялық (SOI) оркестрлерінің жетістіктері үшін Азия және Тынық мұхиттағы аймақтардың симфониялық оркестрлер (AAPRO) Альянсяның басшылық құрамына сайланды.
2 жыл (2012) бұрын «Самұрық - Энерго» АҚ «Қапшағай қаласында қуаттылығы 2 МВт-тық күн электр стансасының құрылысы» жобасын іске асыра бастады.
2 жыл (2012) бұрын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына орай 14 аталыммен басылымдар жарыққа шықты.
Солардың ішіндегі жаңа басылым - «Қазақ көші - қазақтың қауымдасуы». Бұл Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты құжаттарының жинағы, онда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылуы мен қызметі, қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму мәселелері, этникалық көші-қон, қазақстандық қоғамға 1991-2012 жылдар ішінде оралмандардың бейімделуі мен қалыптасу кезеңдері көрсетілген.
2 жыл (2012) бұрын Астанада Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының таныстырылымы өтті.
Орталықтың басты мақсаты - еліміздегі ұлттық және жоғары оқу орындарының деңгейінде келісілген Болон процесінің қағидаттарын толық және тиісті жүзеге асыруға жәрдемдесу.
1 жыл (2013) бұрын Әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілі, парсы-тәжік ақыны Фирдоусидің «Шахнаме» дастаны Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада таныстырылды.
Бүгінде «Шахнаменің» қыпшақ тіліндегі түпнұсқасы тәжік елінде сақталған. Ал оның көшірмесін Қазақстанға белгілі жазушы Роллан Сейсенбаев алып келді.
36 3 жыл бұрын (1651) Англияда Навигациялық акт қабылданды. Бұл құжат бойынша Ұлыбританияға отар елдерден тауарлар тек ағылшын кемелерімен жеткізіледі.
185 жыл (1829) бұрын алғаш рет Арарат шыңы бағындырылды.
Шыңға шыққан топты 62 жастағы Петербор ғылым академиясының академигі Егор Иванович Паррот басқарған.
14 9 жыл бұрын (1865) бильярд шарына патент алынды. Өнертапқыш Джон Уэсли Хайятт белгілі бір пішінге келтіруге болатын синтетикалық материалды ойлап тауып, одан бильярд шарын жасады. Бұған дейін бильярд шарын піл сүйегінен жасап келген болатын.
140 жыл (1874) бұрын Дүниежүзілік пошта одағы құрылды.
1 30 жыл бұрын (1884) Чикагодан Левант Ричардсон роликті конькиді паттенттеді.
9 6 жыл бұрын (1918) Фридрих Карл Гессенский Финляндия королі болып сайланды. .
2 5 жыл бұрын (1989) Лейпцигте «Бейбіт революция» өткізіліп, бір айдан кейін Берлин қабырғасы құлатылды.
2 5 жыл бұрын (1989) КСРО Орталық телевидениесінде А.Кашпировскийдің алғашқы телесеансы өтті.
14 жыл (2000) бұрын Йоко Оно, Джон Леннонның әйелі Токио маңында марқұм күйеуіне арналған әлемдегі алғашқы мұражай ашты.
14 жыл (2000) бұрын Конгрестің Вашингтондық кітапханасына оның 200 жылдық тарихындағы ең үлкен қайырымдылық жасалды. Миллиардер Джон Клудж 60 миллион доллар аударған екен.
13 жыл бұрын (2001) Мысырда әлемдегі ең биік аспалы көпір салынды.
8 жыл бұрын (2006) Солтүстік Кореяда алғашқы ядролық қару сыналды.
5 года бұрын (2009) Нью-Йорктың «Таймс орталығында» Қазақстанның халық әртісі скрипкашы Гауһар Мырзабекова мен халықаралық конкустардың лауреаты пианист Әмір Тебенихин концерт берді.
5 жыл бұрын (2009) АҚШ президенті Барак Обама Нобель бейбітшілік сыйлығына ие болды.
ЕСІМДЕР
11 5 жыл бұрын (1899-1990) ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылым қайраткері БУБЛИЧЕНКО Николай Лазаревич дүниеге келді. Украинаның Харьков қаласында туған. Ленинград кен институтын бітірген. 1924-1939 жылдары Геологиялық комитеттің барлау экспедициясының аға коллекторы, геологы болып Алтайда, Қаратауда және Балқаш аймағында жұмыс істеген. 1939-1950 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының геология секторының бас ғылыми қызметкері. 1951-1969 жылдары - Өскемен қаласындағы Алтай тау-кен металлургия институты директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері. 1963-1973 жылдары - Қазақстан Геологиялық ғылымдар институты Алтай бөлімшесінің ғылыми жетекшісі. 1973-1982 жылдары осы институттың ғылыми қызметкері, кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері орта палеозойдың, әсіресе, девонның стратиграфиясы мен палеонтологиясын зерттеуге арналған. Ол Қазақстанда төменгі, ортаңғы девон және Кузбасста жоғарғы силур шөгінділерінің бар екенін алғаш рет дәлелдеген.
2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдарымен марапатталған.
6 3 жыл бұрын (1951) Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, химия ғылымының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлттық білім академиясының академигі ҒАЗАЛИЕВ Арыстан Мәуленұлы дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген. 1977-1981 жылдары - Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. 1981-1985 жылдары - Қарағанды кооперативтік институтының доценті. 1985-1996 жылдары - Органикалық синтез және көмір химиясы институтының ғылыми хатшысы, зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1996-1998 жылдары - Қарағанды университетінің проректоры. 1998 жылдан Органикалық синтез және көмір химиясы институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болған. 2006 жылдан - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдан бері.
Ғылыми зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты жаңа биологиялық активті заттарды жасауға арналған. Ол табиғи алкалоидтарды модификациялаудың химиялық және электрхимиялық өндірістік әдістерін жасады, изотиоцианатофосфор қышқылы эфирлерін электрхимиялық синтездеудің жаңа реакциясын ашты, кванттық химия әдістерін пайдалану арқылы бірқатар алкалоидтардың тұңғыш рет электрондық құрылымын анықтады. Ол Ресей ғылым академиясының «Ғылыми серіктестікке қосқан үлесі үшін» алтын медалінің иегері, 400-ден астам ғылыми жұмыстың, монографияның, оқулықтар мен кітаптардың, авторлық зерттеулер мен патенттердің авторы.
55 жыл (1959) бұрын «ФармМедИндустрияКазахстана» Қауымдастығының президенті СҰЛТАНОВ Серік Егелұлы дүниеге келді.
Павлодар облысында туған. Павлодар педагогикалық институтын математика мұғалімі мамандығы бойынша (1980); Қазақ мемлекеттік техникалық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша (1993, сырттай) тәмамдаған.
Қазіргі қызметінде 2004 жылдан.
54 жыл бұрын (1960) ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты РАХЫМЖАНОВ Әмірхан Мұратбекұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті), Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұржар ауданының Чапаев атындағы ұжымшарында бастаған. Ұржар аудандық партия комитетінде саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, орта мектеп оқытушысы болған. 1991-1999 жылдары - мұғалім, Шығыс Қазақстан облысының аудандық, қалалық, облыстық білім басқармасының бастығы. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінде Орта және кәсіби білім комитеті басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің орта жалпы білім департаменті директорының орынбасары, басқарма бастығы. 2001-2003 жылдары - білім беру секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі. 2003-2006 жылдары - Астана қаласының Білім департаментінің директоры. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде бас нұсқаушы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2008-2010 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2010-2012 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
«Құрмет» орденмен, медальдармен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
47 жыл бұрын (1967) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі ҚОЖАХМЕТОВ Арман Төлешұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылық академиясының Жоғары бизнес мектебін бітірген. Университетті бітіргеннен кейін «Жезқазған түсті металл» АҚ-нда заңгер, заң бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 1999-2001 жылдары - «Қазақмыс» «Шығысказмедь» корпорациясының филиал басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары. 2001-2007 жылдары - «Қазақмыс» корпорациясы Заң қызметі департаменті директорының орынбасары. 2007-2012 жылдары - «Қазақмыс» корпорациясы Заң қызметі департаментінің бастығы. 2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «КСРО ҚК 70 жыл» (1988 жыл), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (1988 жыл), «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 15 жыл» (2004 жыл), «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл» (2009 жыл), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 жыл) медальдерімен марапатталған.
45 жыл бұрын (1969) ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары БАТТАҚОВ Ерлан Еркінұлы дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. 1992-1995 жылдары - Қарағанды политехникалық институтында құрылыс материалдары және бұйымдары технологиясы кафедрасында тағылымдамадан өтуші-зерттеуші. 1995-1996 жылдары - «Алатау Инвест» ЖЗҚ бас маманды, бас директорының инвестициялар жөніндегі орынбасары. 1996 жылы - ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының бағалы қағаздар нарығын раттеу басқармасында лицензиялау бөлімінің маманы, бастығы. 1996-2007 жылдары - «Азық-түлік келісм-шарт корпорациясы» АҚ-да бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы, қаржы директоры. 2007-2008 жылдары - ҚР Президенті Іс басқармасында бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің қаржы-талдау секторының меңгерушісі. 2008-2010 жылдары - ҚР Президенті Іс басқармасында бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің меңгерішісі. 2010-2012 жылдары - ҚР Президенті Іс басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің меңгерушісі. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы қыркүйектен бері.
81 3 жыл бұрын (1201-1274) француз теологы, Сорбон үйі деп аталатын Париж колледжінің негізін қалаушы Робер де СОРБОН дүниеге келді.
46 7 жыл бұрын (1547-1616) испан жазушысы Мигель де СЕРВАНТЕС дүниеге келді.
14 1 жыл бұрын (1873-1916) неміс астрономы, теориялық астрофизиканың негізін қалаушылардың бірі, Берлин ғылым академиясының академигі ШВАРЦШИЛЬД Карл дүниеге келді.
1 40 жыл бұрын (1874-1947) ресей кескіндемешісі РЕРИХ Николай Константинович дүниеге келді.
108 жыл бұрын (1906-2001) Сенегал Республикасының тұңғыш президенті (1960-1980), философ, социолог, ақын, сыншы, классикалық филология және француз лингвистикасы бойынша африкалық тұңғыш ғылым докторы, көптеген халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Француз ғылым академиясының мүшесі, әлемнің 37 жоғары оқу орнының құрметті президенті СЕНГОР Леопольд Седар дүниеге келді.
88 жыл бұрын (1926-1992) орыстың талантты театр және кино актері, КСРО халық әртісі ЕВСТИГНЕЕВ Евгений дүниеге келді.
Ол «Автомобильден сақтан», «Қарақшы қарттар», «Қан мен тер», «Белгісіз актер туралы повесть», «Фердинанд Люстің өмірі мен өлімі», «Жекпе-жек», «Мұрын», «Иттің жүрегі», т.б. фильмдерге түскен.
74 жыл бұрын (1940-1980) ағылшын музыканты, әнші, ақын, The Beatles тобының мүшесі, композитор, суретші, жазушы Джон ЛЕННОН дүниеге келді.