9 қазан. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 9 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/Midjourney

Амангелді ҚУАНАЛИЕВ, «ПВАСС» ШЖҚ РМК Атырау филиалының директоры 

1954 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1978 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолы: Мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеген. Атап айтқанда, Гурьев облыстық атқару комитетінде жетекші экономист, Алматы қаласы және Алматы облысы әкімінің орынбасарының кеңесшісі болды. Төтенше жағдайлар комитетінің Алматы қаласындағы бас экономисі, халықаралық «ССС» компаниясының Үкіметпен байланыс жөніндегі бас менеджері қызметтерін атқарды. Атырау қаласы әкімдігінің Механикаландыру және көлік басқармасының бастығы, «Атырауөзенпорттары» АҚ президенті, «Нефтегазводстрой» ЖШС директоры болды. 2018-2021 жылдары Маңғыстау облысы филиалының авариялық құтқару қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Қазіргі қызметін 2021 жылғы желтоқсаннан бастап атқарып келеді.

Әмірхан РАХЫМЖАНОВ, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Директорлар кеңесінің төрағасы

1960 жылы Семей облысында дүниеге келген. 1987 жылы Семей педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша, кейін Семей бизнес және кәсіпкерлік институтын, 2000 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1977 жылы Семей облысы Үржар ауданындағы Чапаев атындағы колхозда жұмысшы болып бастаған. 1980-1984 жылдары колхозда слесарь, Жангелдин атындағы орта мектепте мұғалім қызметін атқарды. 1984-1987 жылдары колхоз комсомол комитетінің хатшысы, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушы, Ленин атындағы колхоз партия комитетінің хатшысы болды. 1987-1991 жылдары совхоз партия комитетінің хатшысы, Үржар аудандық партия комитетінің нұсқаушысы және саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1991-1994 жылдары кешкі мектептің, толық емес орта мектептің, кейін Абай атындағы мектеп-лицейдің директоры болды. 1994-1997 жылдары Семей облыстық білім департаменті басшысының орынбасары, облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының директоры, Семей қалалық білім басқармасының басшысы және облыстық білім департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 1997-1999 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданының әкімі болды. 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Орта және кәсіптік білім комитеті басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жалпы орта білім департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімі сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары болды. 2003-2006 жылдары Астана қаласы Білім департаментінің басшысы, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы қызметін атқарды. 2006-2007 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, 2008-2010 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болды. 2010-2012 жылдары «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды. 2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды. 2017-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары, кейін директоры болды. 2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды.

Қазіргі қызметін 2023 жылғы желтоқсаннан бастап атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2010), бірқатар медальдармен марапатталған.

Азат СҰЛТАНОВ, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі

1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Үміт» емдеу-сауықтыру орталығы» ЖШС-да заңгер болып бастаған. 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Заң басқармасында мемлекеттік мүлікпен мәмілелерді құқықтық қамтамасыз ету және құрылтай құжаттарын талдау бөлімінің жетекші маманы, сарапшысы, кейін бас сарапшысы қызметтерін атқарды. 2010 жылы ҚР АШМ АӨК Инновациялық саясат және жоғары білім басқармасының бас сарапшысы, 2010-2012 жылдары ауыл шаруашылығы министрінің көмекшісі болды. 2012 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, 2012-2014 жылдары Кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2014-2015 жылдары Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті директорының орынбасары, кейін директоры болды. 2015-2016 жылдары Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаментінің директоры, 2016-2017 жылдары Тамақ қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2017-2018 жылдары Ғылыми-технологиялық және техникалық саясат департаментін, 2018-2023 жылдары Егіншілік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментін басқарды.

Қазіргі қызметін 2023 жылғы қазаннан бастап атқарып келеді.

Владимир КИЯН, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты

1985 жылы дүниеге келген. 2008 және 2010 жылдары Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетін, 2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. 2016 жылы Техас университетінің М.Д. Андерсон онкологиялық орталығында білім алған.

Еңбек жолын 2006 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жанындағы Биотехнология ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастап, кейін ғылыми қызметкер қызметін атқарды (2006-2010). 2008-2012 жылдары Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Морфология, микробиология және биотехнология» кафедрасының ассистенті, 2014-2019 жылдары Микробиология және биотехнология кафедрасының аға оқытушысы болды. 2018-2020 жылдары аталған университеттің Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы ғылыми-зерттеу платформасын басқарды. 2020-2021 жылдары Ғылым департаментінің директоры қызметін атқарды. 2021-2022 жылдары Назарбаев Университетінің «National Laboratory Astana» жеке мекемесінде жетекші ғылыми қызметкер, 2022 жылы Ұлттық биотехнология орталығы бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары болды. 2023-2026 жылдары Ұлттық биотехнология орталығының Биоалуантүрлілік және генетикалық ресурстар зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2026 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты.

Адиль СЕЙФУЛЛИН, председатель правления АО «Qazcontent»

Родился в 1995 году в Акмолинской области. Окончил Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева (2017) специальность «Журналистика»; Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева (2019) магистр социальных наук.

Трудовая деятельность: советник председателя правления «Агентства «Хабар»; заместитель директора департамента продвижения проектов АО «МИА «КАЗИНФОРМ»; советник министра культуры и информации Республики Казахстан (2026).

На занимаемой должности с июля 2026 года.

Әділ СЕЙФУЛЛИН, «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы

1995 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 2017 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2019 жылы осы оқу орнында әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолында «Хабар» агенттігі» Басқарма төрағасының кеңесшісі, «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Жобаларды ілгерілету департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2026 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі болды.

Қазіргі қызметін 2026 жылғы шілдеден бастап атқарып келеді.

Нұрғиса ӘДІЛЕТҰЛЫ, қазақстандық ауыр атлет, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы

2000 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

2019 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. 2020 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. 2022 жылы 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатында қос сайыс қорытындысы бойынша 383 келі нәтижемен күміс жүлдеге ие болды. 2023 жылы құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 2024 жылы Бахрейннің Манама қаласында өткен әлем чемпионатында 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.