9 қазан. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 9 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

null
ЕСІМДЕР

59 жыл (1959) бұрын Қазақстандағы фармацевтика саласының көрнекті өкілі, осы нарықтың негізін қалаушылардың бірі  Серік Егелұлы СҰЛТАНОВ дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Павлодар педагогикалық институтын математика мұғалімі мамандығы бойынша (1980); Қазақ мемлекеттік техникалық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша (1993, сырттай) тәмамдаған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетін басқарған. 2004-2017 жылдары «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті болды.

58 жыл бұрын (1960) «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» ММ директорының орынбасары Әмірхан Мұратбекұлы РАХЫМЖАНОВ дүниеге келді. 

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бестерек кентінде дүниеге келді. Семей педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша, Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылым докторы, профессор. 1977-1978 жылдары - Семей облысы Үржар ауданы Чапаев атындағы колхоз жұмысшысы. 1978-1980 жылдары - Кеңес Армиясының қатарында борышын өтеді. 1981-1990 жылдары - орта мектеп оқытушысы, колхоздың комсомол комитетінің хатшысы, Ленин атындағы колхоздың партия комитетінің хатшысы. 1990-1991 жылдары - Қазақстан Компартиясы Үржар аудандық комитетінің саяси ағарту кабинетінің нұсқаушысы, меңгерушісі. 1991-1995 жылдары - мектеп-лицей директоры, Семей облыстық білім департаменті бастығының орынбасары - облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының директоры. 1995-1999 жылдары - Семей қалалық білім беру басқармасының бастығы, Семей облыстық білім беру департаменті бастығының бірінші орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы білім беру бөлімінің меңгерушісі, білім беру, жалпы әкімшілік жүйесі мен жапон тілін үйрену мақсатында мемлекеттік қызметшілермен алмасу жобасы бойынша Жапонияда тағлымдамадан өтті. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Орта және кәсіби білім комитетінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаменті директорының орынбасары. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2003-2006 жылдары - Астана қаласы білім департаментінің бастығы. 2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2008-2010 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2010-2012 жылдары - «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қосымша жұмысы Қазақ-Ресей университетінің саясаттану кафедрасының профессоры. 2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі. 2014 жылғы мамырдан бастап - V шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. 2015-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы.

2017 жылдың мамырында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» ММ директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

51 жыл бұрын (1967) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Арман Төлешұлы ҚОЖАХМЕТОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясының Жоғары бизнес мектебін бітірген. Университетті бітіргеннен кейін «Жезқазған түсті металл» АҚ-да заңгер, заң бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 1999-2001 жылдары - «Қазақмыс» «Шығысказмедь» корпорациясының филиал басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары. 2001-2007 жылдары - «Қазақмыс» корпорациясы Заң қызметі департаменті директорының орынбасары. 2007-2012 жылдары - «Қазақмыс» корпорациясы Заң қызметі департаментінің бастығы. 2012 - 2016 жылдары - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазіргі қызметінде 2016 жылғы наурыздан бері.  

49 жыл
 бұрын (1969) ҚР Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары Ерлан Еркінұлы БАТТАҚОВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. 1992-1995 жылдары - Қарағанды политехникалық институтында құрылыс материалдары және бұйымдары технологиясы кафедрасында тағылымдамадан өтуші-зерттеуші. 1995-1996 жылдары - «Алатау Инвест» ЖЗҚ бас маманы, бас директорының инвестициялар жөніндегі орынбасары. 1996 жылы - ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының бағалы қағаздар нарығын реттеу басқармасында лицензиялау бөлімінің маманы, бастығы. 1996-2007 жылдары - «Азық-түлік келісмшарт корпорациясы» АҚ-да бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы, қаржы директоры. 2007-2008 жылдары - ҚР Президенті Іс басқармасында бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің қаржы-талдау секторының меңгерушісі. 2008-2010 жылдары - ҚР Президенті Іс басқармасында бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің меңгерушісі. 2010-2012 жылдары - ҚР Президенті Іс басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің меңгерушісі. 2012-2017 жылдары ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2017 жылғы сәуірден бері.

42 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Талғат Маратұлы ТАТУБАЕВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Бас тергеу комитетінің Қарағанды жоғары мектебін бітірген. 1997-2005 жылдары - Қарағанды облысының ішкі істер бас басқармасының тергеушісі, аға тергеушісі, бөлім бастығының орынбасары, басқарма бастығының орынбасары. 2005-2009 жылдары - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, басқарма бастығы. 2009-2012 жылдары - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Тергеу департаменті бастығының орынбасары, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаментінің бастығы. 2012-2013 жылдары - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Астана қаласы бойынша департаменті бастығының орынбасары, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаменті бастығының орынбасары, бірінші орынбасары. 2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2014-2016 жылдары - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сотқа дейінгі тергеу департаментінің басшысы. 2016 жылы қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2016-2018 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысы. Қазіргі қызметінде 2018 жылғы шілдеден бастап.

«Құрмет», ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марпатталды.

817 жыл бұрын (1201-1274) француз теологы, Сорбон үйі деп аталатын Париж колледжінің негізін қалаушы Робер де СОРБОН  дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1940-1980) ағылшын музыканты, әнші, ақын, The Beatles тобының мүшесі, композитор, суретші, жазушы Джон ЛЕННОН дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар