9 қазан. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 9 қазанға арналған «Тұлғалар туған күн» күнтізбесін ұсынады.

9 қазан. Тұлғалар туған күн

ЕСІМДЕР


62 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әмірхан Мұратбекұлы РАХЫМЖАНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бестерек кентінде туған. Семей педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша, Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылым докторы, профессор.

Еңбек жолы: 1977-1978 жылдары – Семей облысы Үржар ауданы Чапаев атындағы колхоз жұмысшысы. 1981-1990 жылдары – орта мектеп оқытушысы, колхоздың комсомол комитетінің хатшысы, Ленин атындағы колхоздың партия комитетінің хатшысы. 1990-1991 жылдары – Қазақстан Компартиясы Үржар аудандық комитетінің саяси ағарту кабинетінің нұсқаушысы, меңгерушісі. 1991-1995 жылдары – мектеп-лицей директоры, Семей облыстық білім департаменті бастығының орынбасары – облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының директоры. 1995-1999 жылдары – Семей қалалық білім беру басқармасының бастығы, Семей облыстық білім беру департаменті бастығының бірінші орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы білім беру бөлімінің меңгерушісі, білім беру, жалпы әкімшілік жүйесі мен жапон тілін үйрену мақсатында мемлекеттік қызметшілермен алмасу жобасы бойынша Жапонияда тағлымдамадан өтті. 1999-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Орта және кәсіби білім комитетінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаменті директорының орынбасары. 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2003-2006 жылдары – Астана қаласы білім департаментінің бастығы. 2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2008-2010 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2010-2012 жылдары – «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қосымша жұмысы Қазақ-Ресей университетінің саясаттану кафедрасының профессоры. 2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі. 2014 жылғы мамырдан бастап – V шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. 2015-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы. 2017-2019 жылдары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директорының орынбасары қызметін атқарды. 2019-2021 жылдары – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап.


55 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Төлешұлы ҚОЖАХМЕТОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясының Жоғары бизнес мектебін бітірген.

Еңбек жолы: Университетті бітіргеннен кейін «Жезқазған түсті металл» АҚ-да заңгер, заң бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 1999-2001 жылдары – «Қазақмыс» «Шығысказмедь» корпорациясының филиал басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары. 2001-2007 жылдары – «Қазақмыс» корпорациясы Заң қызметі департаменті директорының орынбасары. 2007-2012 жылдары – «Қазақмыс» корпорациясы Заң қызметі департаментінің бастығы. 2012-2016 жылдары – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2016-2021 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

Қазіргі қызметінде 2021 жылғы қаңтарда бері.


53 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Еркінұлы БАТТАҚОВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1992-1995 жылдары – Қарағанды политехникалық институтында құрылыс материалдары және бұйымдары технологиясы кафедрасында тағылымдамадан өтуші-зерттеуші. 1995-1996 жылдары – «Алатау Инвест» ЖЗҚ бас маманы, бас директорының инвестициялар жөніндегі орынбасары. 1996 жылы – ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының бағалы қағаздар нарығын реттеу басқармасында лицензиялау бөлімінің маманы, бастығы. 1996-2007 жылдары – «Азық-түлік келісмшарт корпорациясы» АҚ-да бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы, қаржы директоры. 2007-2008 жылдары – ҚР Президенті Іс басқармасында бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің қаржы-талдау секторының меңгерушісі. 2008-2010 жылдары – ҚР Президенті Іс басқармасында бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің меңгерушісі. 2010-2012 жылдары – ҚР Президенті Іс басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің меңгерушісі. 2012-2017 жылдары – ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары, бірінші орынбасары. 2019-2022 жылдары – ҚР Президентінің Іс басқарушысы

Қазіргі қызметінде 2022 жылдың қаңтар айынан бері

45 жыл бұрын (1977) Рудный қаласының прокуроры Ғалым Омарбекұлы БАЙҒОНЫСОВ дүниеге келген.

Қарағанды облысының Балқаш қаласында туған. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

Еңбек жолы: Ақмола көлік прокурорының көмекшісі (2000); Орталық өңірлік көлік прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры, аға прокуроры; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің көліктегі заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің прокуроры, аға прокуроры; Қостанай облысының көлік прокуроры (2006-2011); Маңғыстау облысының көлік прокуроры (2011-2016); Шымкент көлік прокуроры (2016-2019).

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың желтоқсан айын бастап.

39 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Бауыржан Кемербайұлы АБЫЗБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетін 2005 жылы мал дәрігері, 2011 жылы заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2006-2013 жылдары – Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша Алмалы аумақтық инспекциясының бас маманы; 2013-2015 жылдары – ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша Алмалы аумақтық инспекциясының бөлім жетекшісі; 2015-2019 жылдары – Алматы қаласы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісінің орынбасары; 2019-2020 жылдары – ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аумақтық инспекциясының жетекшісі; 2020-2021 жылдары – ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары; 2021 жылдан бастап – Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының мәндетін атқарушы.

2021 жылдың наурызынан бастап қазіргі қызметінде.


37 жыл бұрын (1985) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Сәлімұлы ЕСЕНБАЕВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Мехатроника және роботехника» мамандығы бойынша (2008), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша (2012), «ҚДСЖМ» Қазақстандық медициналық университетінің магистратурасын (2019) бітірген.

Еңбек жолы: 2006-2009 жылдары – жекеменшік ұйымда инженер-програмист. 2009-2011 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобалардың мониторингі және даму басқармасының сарапшысы. 2011-2013 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің басқарма сарапшысы; бас сарапшысы; басшысы. 2013-2017 жылдары – ҚР ДСМ бөлімшелерінің басшысы. 2017-2020 жылдары – ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры. 2020-2022 жылдары – ҚР ДСМ электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры (2020-2022).

Қазіргі қызметінде 2022 жылғы шілдеден бастап.