9 келі алмаз тастарды әкетпек болған ресейлік ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей азаматы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағына аквариум үшін гравия түрінде тоғыз келі алмаз тастарды заңсыз әкетпек болған кезінде Белоруссияда ұсталды.
Бұл туралы жұма күні, 4 қарашада Республиканың Гродненск өңірлік кеденінің сайтында хабарланды.
Ресейліктің автомобилін Польшамен шекарада орналасқан «Берестовица» өткізу бекетінде тоқтатқан. Жүргізушінің жеке заттарының арасынан тінту кезінде «кеденшілер күдігін туғызған әртүрлі пішіндегі, түстер мен өлшемдердегі кристалл тастар» табылған. Ол бұл тастар аквариумға арналған деп сендірмекші болды, бірақ сараптама нәтижесі бұлардың сортталмаған алмаз тастар екендігін көрсетті. Алдын ала бағалау бойынша олардың құны 900 мыңнан астам беларусь рублін құрайды.
Гродно қаласының соты айыппұл салуды және ол әкетпекші болған алмаз тастарды тәркілеуге қаулы шығарды.