9 қыркүйек күні Үкімет отырысы өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні, 9 қыркүйекте, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Күн тәртібінде: Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы; 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы; Эпидемиологиялық жағдай тұр.