9 мамыр. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 9 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрбақыт Әбдіғалиұлы БӨКЕБАЕВ дүниеге келді.

Нұрбақыт Әбдіғалиұлы БӨКЕБАЕВ
Фото: almaty.tv

Алматы облысы, Шелек ауданының Ащысай ауылында туған.

1981-1983 жылдары әскери борышын өтеген. 1985-1987 жылдары Республикалық эстрада цирк студиясының вокал бөлімін аяқтап, 1987-1991 жылдары Алматы театр өнері институтын «кино және драма актеры» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1991-1992 жылдары Қазақконцерт бірлестігінің солисі, концерт жүргізушісі, әкімшісі болып қызмет атқарды. 1992-1995 жылдары Алматы қаласында Мәдениет министрлігінің бас маманы, 1995-1998 жылдары Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада цирк колледжінің актер бөлімінің меңгерушісі және Т. Жүргенов атындағы Кино және өнер институтында дәріс берді. 1998-2000 жылдары Т. Жүргенов атындағы Кино және өнер институтының проректоры қызметін атқарды. 2000-2005 жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданының Ішкі саясат басқармасының басшысы, 2005-2006 жылдары Алматы қаласының Ішкі саясат департаментінің бас эксперті, 2006-2008 жылдары Алматы қаласының Кіші Ассамблеясының төрағасы, 2008-2010 жылдары Астана қаласында Мәдениет министрлігі Өнер басқармасының басшысы, 2010-2012 жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театры директорының бірінші орынбасары, 2012-2015 жыл аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театры директорының бірінші орынбасары, 2016-2022 жылдары Қазақ мемлекеттік циркінің директоры қызметтерін атқарды.

60 жыл бұрын (1965) қазақстандық дипломат және мемлекет қайраткері Жанар Сейдахметқызы АЙТЖАНОВА дүниеге келді.

Жанар Сейдахметқызы АЙТЖАНОВА
Фото: time.kz

Қазіргі Түркістан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Вена Біріккен институтын, Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін (АҚШ) тәмамдаған.

Университетті бітіргеннен кейін ҚазМУ-де және ММУ-де, Карлов және Орталық Еуропа университеттерінде (Чех Республикасының Прага қаласы) машықтанудан өтті. БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінде бағдарламалар үйлестірушісі, Моңғолиядағы БҰҰ-ның үйлестірушісі және БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Өкілінің көмекшісі болып жұмыс істеді. БҰҰ Даму бағдарламасының Нью-Йорк қаласындағы Еуропа және ТМД өңірлік бюросының Орталық Азия елдері бөлімінің бағдарламалар жетекшісі болды. 2003 жылғы қыркүйекте ҚР Индустрия және сауда вице-министрі болып тағайындалды. 2005 жылғы мамырда оған Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының Арнайы өкілінің міндеттері жүктелді. 2010 жылдың наурызында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалды. 2011 жылғы сәуірде ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр болып тағайындалды. 2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцариядағы, Лихтенштейн Князьдігі, Ватикан Мемлекеті, Иерусалим, Родос және Мальтадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2022-2024 жылдары Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, 2022-2024 жылдары Дүниежүзілік сауда ұйымы және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі болды.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Еуразиялық экономикалық одақ құруға қосқан үлесі үшін» І дәрежелі медальмен марапатталды.

47 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Жандос Жәнібекұлы ӨМІРӘЛИЕВ дүниеге келді

Жандос Жәнібекұлы ӨМІРӘЛИЕВ
Фото: gov.kz

Шымкент қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. 2004-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратура басқармасының прокуроры және аға прокуроры, 2005-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары прокуратураларының және Батыс өңірлік көлік прокуратурасының орынбасары және басқарма бастығы, 2010 жылдан 2011 жылға дейін Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі — Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің хатшысы, 2011-2017 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары, 2017-2018 жылдары Бас прокурор Аппараты басшысының орынбасары және Бас прокуратураның Кадрларды дамыту департаментінің бастығы, 2018-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарған.

2022 жылғы маусымнан бастап — ҚР Бас прокурорының орынбасары.

41 жыл бұрын (1984)«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Фархат Қайнарұлы СӘРСЕКЕЕВ дүниеге келді.

Фархат Қайнарұлы СӘРСЕКЕЕВ
Фото: kapital.kz

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген.

Еңбек жолы 2005 жылы банк секторында басталған. 2005-2006 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ Шағын және орта бизнесті несиелеу басқармасында 1 және 2-санатты менеджер болып жұмыс істеді. 2008-2009 жылдары «Демир Банк Қазақстан» АҚ Корпоративтік бизнес департаментінің несие менеджері, 2009-2010 жылдары — «АТФ Банк» АҚ (UniCredit Group) Restructuring and workout бас маманы, 2010-2012 жылдары«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ активтерді қайта құрылымдау департаментінің бас фронт-менеджері, 2012-2015 жылдары «Сбербанк» АҚ ЕБ Ұлттық компаниялармен және даму институттарымен жұмыс департаменті директорының орынбасары, 2015-2018 жылдары — «Сбербанк» АҚ ЕБ Қарағанды филиалында Корпоративтік бизнес жөніндегі директордың орынбасары, 2018-2019 жылдары — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Басқарушы директоры, 2019-2023 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 2023-2025 жылдары «Фридом Банк Қазақстан» АҚ Корпоративтік бизнес жөніндегі басқарушы директоры болды.

Қазіргі қызметін 2025 жылдың ақпан айынан бері атқарып келеді.

92 жыл бұрын (1933-1994) спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет БЕРДІҚҰЛОВ дүниеге келген.

Сейдахмет БЕРДІҚҰЛОВ
Фото: gov.kz

Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қаракесек қыстағында туған. 1956 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген.

1965-1970 жылдары «Қазақстан пионерінің» редакторы, 1970–1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы, 1986–1994 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болды. Шығармалары: «Сол орамал жоғалмайды» (1965), «Жүрек ұйықтауды білмейді» (1966), «Жұмыр жерде теңбіл доп» (1968), «Егеулі найза» (1969), «Аспаннан шұға жауған күн» (1975), «Мұңайып оянған қала» (1979), «Үшінші подъезд» (1980), «Пердесіз көңіл» (1983), «Арбаған мәні бір сиқыр» (1987) және тағы басқа.

Соңғы жаңалықтар