9 мамыр. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 9 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1933-1994) спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет БЕРДІҚҰЛОВ дүниеге келген.

Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қаракесек қыстағында туған. 1956 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген.

1965—1970 жылдары «Қазақстан пионерінің» редакторы, 1970–1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы, 1986–1994 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болды. Шығармалары: «Сол орамал жоғалмайды» (1965), «Жүрек ұйықтауды білмейді» (1966), «Жұмыр жерде теңбіл доп» (1968), «Егеулі найза» (1969), «Аспаннан шұға жауған күн» (1975), «Мұңайып оянған қала» (1979), «Үшінші подъезд» (1980), «Пердесіз көңіл» (1983), «Арбаған мәні бір сиқыр» (1987) және тағы басқа.

69 жыл бұрын (1954) ҚР мемлекет қайраткері Қайрат Әбдіразақұлы МӘМИ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Құқықтанушы, з.ғ.д., профессор. Гурьев облыстық соты стажері, мүшесі, төрағасының орынбасары, төрағасы (1981-1990), ҚазКСР Жоғары Сотының мүшесі (1990-1993), Алматы қалалық сотының төрағасы (1993-1995), Қазақстан Республикасы Жоғары Сот алқасының төрағасы (1996-1999), Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі (1999), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (1999-2000), Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Төрағасы (2000-2009), Қазақстан Республикасының Бас прокуроры (2009-2011) болып қызмет істеген. 2011-2013 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы. Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Төрағасы (2013-2017). Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы (2017-2022).

«Парасат», ІІ дәрежелі «Барыс», «Ұлы Петр» ордендерімен, төрт медальмен марапатталған.

60 жыл бұрын (1963) Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының директоры Нұрбақыт Әбдіғалиұлы БӨКЕБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы, Шелек ауданының Ащысай ауылында туған.

1981-1983 жылдары әскери борышын өтеген. 1985-1987 жылдары Республикалық эстрада цирк студиясының вокал бөлімін аяқтап, 1987-1991 жылдары Алматы театр өнері институтын «кино және драма актеры» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1991-1992 жылдары Қазақконцерт бірлестігінің солисі, концерт жүргізушісі, әкімшісі болып қызмет атқарды. 1992-1995 жылдары Алматы қаласында Мәдениет министрлігінің бас маманы, 1995-1998 жылдары Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада цирк колледжінің актер бөлімінің меңгерушісі және Т. Жүргенов атындағы Кино және өнер институтында дәріс берді. 1998-2000 жылдары Т. Жүргенов атындағы Кино және өнер институтының проректоры қызметін атқарды. 2000-2005 жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданының Ішкі саясат басқармасының басшысы, 2005-2006 жылдары Алматы қаласының Ішкі саясат департаментінің бас эксперті, 2006-2008 жылдары Алматы қаласының Кіші Ассамблеясының төрағасы, 2008-2010 жылдары Астана қаласында Мәдениет министрлігі Өнер басқармасының басшысы, 2010-2012 жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театры директорының бірінші орынбасары, 2012-2015 жыл аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театры директорының бірінші орынбасары, 2016-2022 жылдары Қазақ мемлекеттік циркінің директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылдың ақпан айынан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының директоры.

58 жыл бұрын (1965) Дүниежүзілік сауда ұйымы және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Жанар Сейдахметқызы АЙТЖАНОВА дүниеге келді.

Қазіргі Түркістан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Вена Біріккен институтын, Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін (АҚШ) тәмамдаған.

Университетті бітіргеннен кейін ҚазМУ-де және ММУ-де, Карлов және Орталық Еуропа университеттерінде (Чех Республикасының Прага қаласы) машықтанудан өтті. БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінде бағдарламалар үйлестірушісі, Моңғолиядағы БҰҰ-ның үйлестірушісі және БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Өкілінің көмекшісі болып жұмыс істеді. БҰҰ Даму бағдарламасының Нью-Йорк қаласындағы Еуропа және ТМД өңірлік бюросының Орталық Азия елдері бөлімінің бағдарламалар жетекшісі болды. 2003 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі болып тағайындалды. 2005 жылғы мамырда оған Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының Арнайы өкілінің міндеттері жүктелді. 2010 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалды. 2011 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр болып тағайындалды. 2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцариядағы, Лихтенштейн Князьдігі, Ватикан Мемлекеті, Иерусалим, Родос және Мальтадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі (2019-2022).

Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың қазанынан.

45 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Жандос Жәнібекұлы ӨМІРӘЛИЕВ дүниеге келді

Шымкент қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. 2004-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратура басқармасының прокуроры және аға прокуроры, 2005-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары прокуратураларының және Батыс өңірлік көлік прокуратурасының орынбасары және басқарма бастығы, 2010 жылдан 2011 жылға дейін Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі – Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің хатшысы, 2011-2017 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары, 2017-2018 жылдары Бас прокурор Аппараты басшысының орынбасары және Бас прокуратураның Кадрларды дамыту департаментінің бастығы, 2018-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарған.

2022 жылғы маусымнан бастап - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.

4 5 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Фарахатұлы ЕЛЕМЕСОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, заңгер (2000); Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, экономист (2002); «МИРБИС» Мәскеу Халықаралық Жоғары бизнес мектебі, іскерлік әкімшілік шебері (MBA) (2013); РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы, мемлекеттік және муниципалдық басқару (2014).

Еңбек жолы: «АМТ-2» жеке адвокаттық кеңсесінің қызметкері (1996-2000); Алматы облысы бойынша қаржы полициясында әртүрлі қызмет атқарған (2000-2008); Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу жөніндегі 1-Басқармасының экономикалық қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары – Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) арнайы басқармасының жедел қызмет бөлімінің бастығы (2009-2010) болып қызмет етті. Ақтөбе облысы бойынша департамент бастығының орынбасары (2012-2014); мемлекеттік емес коммерциялық және қаржылық құрылымдардағы қызмет (2014-2019); ҚР ҚМ МКК сотқа дейінгі тергеу департаменті 3 тергеу басқармасының аса маңызды істер бойынша бас сарапшы – аға тергеушісі (01.2019-03.2019); ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің сотқа дейінгі тергеу департаментінің басшысы (03.2019-06.2019); ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Тергеу департаментінің басшысы (06.2019-11.2019).

Атқаратын лауазымында – 2021 жылғы ақпаннан бастап.


Соңғы жаңалықтар