9 мамыр –ұлтына, жеріне, діні мен тіліне қарамастан бірге тойлайтын ортақ мереке – Астана әкімі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков қала тұрғындары мен қонақтарын 9 мамыр- Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды astana.kz.
«9 мамыр - адамзат баласы ұлтына, жеріне, діні мен тіліне қарамастан бірге тойлайтын ортақ мереке. Бүгінгі бейбіт заманда кеудесін оққа тосып, Отан үшін аянбай еңбек еткен әкелеріміз бен аталарымыздың ұлы ерліктерін мақтан етеміз. Қан майданда қаза тапқан майдандас достарының аманатын арқалап, елге пана, Отанға қорған болған ардагерлердің ерен еңбегі тарихта алтын әріптермен жазылды.
Ерлік іс ешқашан ұмытылмақ емес. Аспанымыз әрқашан ашық болғай! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!», делінген құттықтауда.