9 мамырда астаналықтар Жеңiс шеруiнде ұшқыштардың ерекше трюктерiн көрмеуi мүмкiн

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығына арналған әскери шеруде ұшқыштар әуеде 70 санын өрнектемейтiн болды. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштерi Бас штабы басшысының орынбасары, генерал-майор Мүсiлiм Алтынбаев мәлiм еттi.

9 мамырда астаналықтар Жеңiс шеруiнде ұшқыштардың ерекше трюктерiн көрмеуi мүмкiн

Генерал-майордың айтуынша, бұл әзiрге толық шешiмiн тапқан жоқ, дегенмен қауiпсiздiк шараларына байланысты оның орындалмауы да бек мүмкiн.

«70 санына келетiн болсақ, алдында шеруде әуеде ондай трюк жасау көзделген болатын. Бiрақ түпкiлiктi шешiм қабылданған жоқ әлi. Бiздiң ұшқыштардың шеберлiгi оған жетедi. Бiрақ қауiпсiздiк мәселесi күмән ұялатады. Сондықтан оның орындалатыны анық емес, мүмкiн ұшқыштар стандартты ұшулармен шектеледi», - дедi ол.

Еске сала кетейiк, бұның алдында ұшқыштар елорда көгiнде 70 санын салып беруге дайын екендiктерiн мәлiм еткен болатын.