9 мамырда Оңтүстік Кореяда мерзімнен тыс президенттік сайлау өтуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Егер 10 наурыз күні Корея Республикасының Конституциялық соты президент Пак Кын Хеге жарияланған импичментті мақұлдап, оны отставкаға жіберсе, екі айдан кейін мерзімнен тыс президенттік сайлау өтеді.
Болуы ықтимал дата ретінде 9 мамыр аталып отыр, деп жазды «Российская газета».
Дауыс беруге сегіз сот қатысады. Егер оның алтауы немесе одан да көбі импичментті қолдаса, президент Пак тез арада биліктен аластатылып, мерзімнен тыс сайлау тағайындалады. Егер үш және одан да көп сот испичментке қарсы шықса, Пак өз міндеттеріне қайта кіріседі. Ал президенттік сайлау бұрын жоспарланғандай - 2017 жылдың 20 желтоқсанында өтіп, президент мерзімі 2018 жылдың ақпан айында аяқталады. Соңғы сауалнамаға сәйкес, кәрістердің 77 пайызы Пак Кын Хенің мерзімінен бұрын биліктен кетуін талап етуде.
Конституциялық соттың испичментті қолдауы ықтимал екенін ескерген оңтүстіккореялық БАҚ мерзімнен тыс өтетін президенттік сайлаудың қай күні болуы мүмкін екенін болжауда. Заңға сәйкес, бұл президент қызметінен кеткеннен кейін 60 күн ішінде өтуі тиіс. Ондай жағдайда екүнтізбелік есеп бойынша, мерзімнен тыс президенттік сайлау 9 мамырда өтуі ықтимал.