9 маусым. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 9 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
84 жыл бұрын (1939) медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жүрек-қан тамырлары хирургтары қауымдастығының төрағасы, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының академигі Сейітхан Жошыбайұлы ЖОШЫБАЕВ дүниеге келді.
Ол Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы (бұрынғы Луговой ауданы) Ақыртөбе ауылында туған. Қырғыз мемлекеттік медицина институтын, КСРО Медицина ғылымдары академиясының А.Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.
1970-1984 жылдары Бішкекте хирург, медициналық институтының жалпы хирургия кафедрасының ассистенті, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық кардиология орталығының меңгерушісі, 1984-1992 жылдары А.Сызғанов атындағы клиникалық және тәжірибелік хирургия ғылыми-зерттеу институты жүрек-қан тамырлары бөлімінің жетекшісі болды. 2007 жылдан бастап Тараз қаласындағы Кардиохирургия орталығының директоры қызметін атқаруда.
С.Жошыбаев Кардиология жөніндегі көптеген халықаралық ұйымдар мен одақтардың құрметті мүшесі. Ол тәжірибе алмасу мақсатында Моңғолия, Венгрия, Германия, Үндістан, АҚШ, Англия, Канада, Польша, Чехия және тағы басқа елдердің арнайы мамандандырылған клиникаларында болды.
2008 жылы «Парасат», 2014 жылы ІІ дәрежелі «Барыс», 2019 жылы «Достық», 2021 жылы ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, Қырғызстан мен Қазақстанның бірнеше медальдарымен марапатталған.
44 жыл бұрын (1980) Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы ӘБДІРАХЫМ дүниеге келді.
Жамбыл қаласында туған. «Қайнар» университетін «заңгер» мамандығы бойынша, Иель менеджмент мектебін бітірді.
Еңбек жолы: 2001-2002 жылдары «Астанаэнергосервис» ААҚ бақылаушысы, 2002-2007 жылдары ҚР Әділет министрлігінде жетекші, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, бастығы, заңнама департаменті директорының орынбасары, 2007 жылы ҚР Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры, 2007-2009 жылдары ҚР Әділет министрлігінің шағын заң актілері департаментінің директоры, 2009-2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы, 2012-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2021-2023 жылдары ҚР Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың сәуір айынан атқарып келеді.
35 жыл бұрын (1989) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Темірбекұлы ОРДАБАЕВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, Cesar Ritz Colleges Switzerland оқу орнын «Қонақүй және туризм менеджменті» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2007-2008 жылдары «Қазақстан жастарының Конгресі» ЗТБ жобаларының үйлестірушісі, 2008-2009 жылдары «Бауырсақ күні» қоғамдық қоры атқарушы директорының орынбасары, 2008-2009 жылдары «Қазақстан студенттер Альянсы» РСД Алматы штабының көшбасшысы, 2010 жылы «Біз қуатты Қазақстан үшін» жастар қозғалысы атқарушы директорының орынбасары қызметінде болды. 2010-2011 жылдары «Қазақстандық азаматтық қорғау қоры» қоғамдық қорының вице-президенті, 2012-2014 жылдары «Жаңа технологиялар және азаматтық қорғау қоры» ЖШС директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, 2014-2015 жылдары «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Әлеуметтік әріптестік департаментінің бас менеджері, 2015-2016 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары, 2016-2018 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры лауазымдарын атқарды. 2018 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП адам капиталын дамыту департаментінің басқарушы директоры, 2018-2022 жылдары «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары, 2022 жылы «Talap» КЕАҚ президенті болды.
Қазіргі қызметіне 2022 жылдың тамызында кірісті.