9 маусым күні Қарағанды облысында 787 сайлау учаскесі жұмыс істейді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына бес күн қалды. Облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Ерлан Қошановқа сайлау учаскелерінің дайындық деңгейі мен жабдықталуы туралы айтып берді, дейді ҚазАқпарат тілшісі.

9 маусым күні Қарағанды облысында 787 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Сайлау ұйымдастырушылары дауыс беру күні аймақта 787 учаске ашылатынын айтты. Олардың барлығы толығымен дайын. Мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға ерекше көңіл бөлінді. Олардың кедергісіз дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған.

Тізімде барлығы 930 мыңнан астам сайлаушы бар.

Облыс әкімі сайлау күні форс-мажорлық жағдайларға жол бермеуді тағы да тапсырды. Облыстың әрбір тұрғыны өзінің сайлау құқығын пайдалана алуы маңызды екенін атап өтті.

Қазақстан президентінің сайлауы 9 маусымда өтеді. Сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 8.00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл күні облыс қалаларында автобуста жол жүру тегін болады.