9 мыңнан астам жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды - С.Ахметов

Алқалы жиын барысында халық қалаулысы Әлихан Тойбаев Премьер-Министрден пайдаланылмай жатқан жеке тұрғын үй салуға берілген жер телімдері мен ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару жұмыстары қалай өрбіп жатқандығын сұраған болатын.
«Бұл мәселе, өздеріңіз білетіндей, өте күрделі, - деп атап өтті Үкімет басшысы. - Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі осы жұмысты бастады. Мәселен, жеке тұрғын үй салуға берілген барлық жер телімдері тексеруден өтті. Бүгінгі күні 9 мыңнан астам жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды».
Осы ретте С.Ахметов таяу аралықта агенттік атқарылған жұмыстар бойынша Парламенкте есеп беретіндігін баса айтты.
«Ал ауыл шаруашылығы жерлері де осындай тексеруден өтеді. Жоғарыда атап өткенімдей, бұл да өте күрделі мәселе. Оны шешу әрі жақсарту үшін Үкіметте тиісті заң дайындалды. Оны біз таяуда Парламентке жіберетін боламыз», - деді Премьер-Министр.