9 наурыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 9 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.

9 наурыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

9 НАУРЫЗ, ЖЕКСЕНБІ

Халықаралық ди-джей күні. Халықаралық ди-джей күні - бұл тек ресми мейрам ғана емес, сонымен қатар маңызды қайырымдылық оқиға, ол 2002 жылдан бастап халықаралық клубты өнеркәсіптің атынан өткізіледі. Жыл сайын наурыздың 9-ында Ди-джей күнінің қарсаңында дүние жүзі бойынша балалар үйіне көмек атты қайырымдылық акциясы өтеді.

Ливанда мұғалімдер күні.

Ресейде геодезия және картография мамандарының күні. Ресейде 2000 жылдан бері наурыз айының екінші жексенбісі геодезия және картография мамандарының мерекесі болып аталып өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1 9 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өз резиденциясында Венгрияның Премьер-министрі Дьюлу Хорнды қабылдады.

1 3 жыл бұрын (2001) Қазақстан мен Ресей шекараны межелеуге кірісті. Кездесулер барысында қазақстандық және ресейлiк шекарашылар созылымдығы 1896,5 шақырым жерді алып жатқан ресейлiк Астрахань, Волгоград, Саратов және Орынбор облыстарының мемлекеттiк шекарадан өту туралы жобалары топографиялық картаға келiсiп енгізілді.

9 жыл бұрын (2005) Таразда жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты болды. Кешенде жаттығу залдары, сонымен бірге шығыс жекпе-жектерiнiң жаттығуларына арналған, фитнес, аэробика және денсаулықты жақсартатын жаттығулар залдары бар. Бұл жерде балалар үйінің және мүмкіндігі шектеулі балалардың жаттығулары өтеді.

9 жыл бұрын (2005) Қостанайда ресейдің танымал көркем суретшісі Александр Разбойниковтың көрмесі өтті. Бұл автордың Қазақстандағы алғашқы көрмесі. Көрмеде суретшінің «Аркаим» және «Древние цивилизации» топтамалар жұмыстары және де оның көркем әдебиет шығармаларының ерекше суреттері көрсетілген.

8 жыл бұрын (2006) Өскеменнің оңтүстік жағынан жаңа автовокзал салынды. Бұл - облыстың түпкіріне-түпкіріне сапарға аттанатындар үшін қаладағы үшінші автовокзал.

Шығыс Қазақстан аймағында автобустар қатынасы 63 бағытта үзіліссіз қатынайды. Жаңа автовокзалдың ашылуы сервистік қызметтің кеңейтіле түсуіне және жолаушыларға барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.

4 жыл бұрын (2010) Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы «Полихим өнімдері» компаниясы» ЖШС полиэтилен құбырларын шығарды.

Құбыр өнімінің басты жетістігі оның экологиялық тазалығы десек, төзімділігі, жеңілдігі, сондай-ақ қолданысқа икемділігі бағасын арттырып тұр. «Полихим өнімдері» компаниясы» ЖШС шығаратын құбырлар негізінен «Қазатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясының уран өндірісіне пайдаланылады. Уран металы жинақталатын шикізат жер астынан 600-700 метр тереңдіктен сілті қышқылының ерітіндісін жіберу арқылы алынатындығын ескерсек, оған деген төзімділік сапасына айрықша мән беріледі. «Кең-Дала KZ», «Бәйкен-U», «Аппақ», «Семізбай», «Қаратау» ЖШС аталмыш кәсіпорынның сенімді серіктестіктеріне айналды.

Кәсіпорын Германияның белгілі «Краусс Мафай» компаниясының тәсілін қолданады. Өндіріс цехы үш тарапты жаңа технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

2 жыл бұрын (2012) Түркияда Қазақстанның мәдениеті күндері өтті. Оны Ыстамбұлдағы қазақ-түрік қоры мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырды.

9 6 жыл бұрын (1918) Ресей астанасы Петербордан Мәскеуге көшірілді.

ЕСІМДЕР

11 4 жыл бұрын (1900-1970) қазақ жазушысы және тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор ЖАНТУАРОВ Сұлтан Байтуарұлы дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Орынбор облысында туған. Орынбордағы орыс-қырғыз мектебінде сауатын ашқан. Сонда жүрген кезінде саяси өмірге араласа бастаған. 1918 жылы Орынбор қызыл крестьян полкының жауынгері болған. Қырғыз (Қазақ) АКСР құрылуын жариялаған Кеңестердің Бүкілқазақ съезінің делегаты болған. Республикамыздың кеңестік және партиялық органдарында жауапты қызметтер атқарған.

«Джигиты Чилекты», «С оружием в руках», «Заря над степью», «Чрезвычайный комиссар» атты кітаптардың авторы.

8 3 жыл бұрын (1931-1978) тіл маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор БОЛАТОВ Жамалбек дүниеге келді.

Жамбыл облысының Жамбыл ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген.

1954-1956 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының оқытушысы. 1956-1976 жылдары - Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының (1961 жылға дейін Тіл және әдебиет институты) ғылыми қызметкері. 1976-1978 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі.

Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері қазақ тілінің диалектологиясы мәселелеріне арналған. Ол «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясының мәселелері», «Қазақ диалектологиясы», «Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі», «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» авторларының бірі.

7 8 жыл бұрын (1936) М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы МЫШБАЕВА Нүкетай дүниеге келді.

Актриса, әнші (меццо-сопрано). Қазақстанның халық әртісі (1991). 1959 ж. Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Алматы мемлекеттік консерваториясы) актерлік факультетін бітірген. 1960 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы. Айсұлу (Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов, "Беу, қыздар-ай" ), Айбала (Ә.Тәжібаев, "Той боларда" ), Марфуға ( Қ.Мұхамеджанов, "Құдағи келіпті" ), т.б. рөлдерді орындап, өнер жолын комедиялық бейнелерді жасаудан бастаған жас актриса Әлиман (Ш.Айтматов, "Ана-Жер ана" ), Майра (Ә.Тәжібаев, "Майра" ) рөлдерін орындап, өзінің шеберлігін драмалық, трагедиялық рөлдерде көрсете біліп, әншілік қасиеттерімен көпшілікке танылды. Ақбала (Ә.Нұрпейісов, "Қан мен тер"), Меңсұлу (Ш.Құсайынов, "Алдар көсе"), Жүзтайлақ, Қарлығаш, Ақбала (М.Әуезов, "Түнгі сарын", "Абай", "Қаракөз"), Бекей (Айтматов, "Ақ кеме" ), Ғалия (Т.Ахтанов, "Күтпеген кездесу" ), Ажар ( С.Жүнісов, "Ажар мен ажал"), Хатшы әйел, Ұрқия (А.Сүлейменов, "Төрт тақта - жайнамаз", "Қыздай жесір - штат қысқарту"), т.б. рөлдері Нүкетай Мышбаеваның ғана емес, қазақ ұлттық сахна өнерінің өсіп-ілгерілеу жолындағы елеулі кезеңдері. 1976 жылдан киноға түскен, көп бөлімді "Қымызхана" телеспектаклінде Теңгетай рөлін, сондай-ақ халық әндері мен осы заман композиторлары әндерінің орындаушысы ретінде танымал.

«Парасат» орденімен марапатталған.

7 5 жыл бұрын (1939) жазушы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ҚАЛДЫБАЙ Мамытбек дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Қызылжалау ауылында дүниеге келген. Кәсіптік-техникалық училищені, Шымкент педагогика институтының филология факультетін (1963) бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Қордай ауданы, Кенен аулында мұғалімдіктен бастаған. 1970-1980 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газетінде, 1980-1982 жж. республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында қызметкер, 1982-1990 жж. ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқытушы болған. 1982 жылы «Қазақ совет деректі прозасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 1990 жылдан бері Қазақ мемлекеттік Спорт және туризм академиясында оқытушы. Сегіз жыл бойы қазақ, орыс тілдері кафедрасын басқарған. Филология ғылымдарының кандидаты. Шығармалары: Көпір. Өлеңдер. «Жазушы», 1974; Айна. Өлеңдер. «Жазушы», 1977; Ақжайық жырлары. Өлеңдер. «Жазушы», 1978; Мерей. Балаларға арналған повесть, әңгімелер. «Жазушы», 1979; Ай туып келеді. Повесть. «Жазушы», 1983; Бәйдібек баба арманы. Роман. «Қазақстан», 1995; Академик Лесбек Сейітбеков. «Қонжық», 1998; Бекасыл әулие. «Елорда», 2001.

7 3 жыл бұрын (1941-1992) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері КӨПБАЕВ Сейділда Даулетбақұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Қарасай ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті).

1964-1966 жылдары - орта мектептің мұғалімі. 1966-1969 жылдары - БЛКЖО Алматы облыстық комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, нұсқаушысы. 1969-1971 жылдары - БЛКЖО Орталық комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1971-1972 жылдары - оқушыларды кәсіпке бейімдеу жөніндегі республикалық әдістемелік кабинетінің әдіскері. 1972-1975 жылдары - Қазақ КСР оқу министрінің көмекшісі. 1975-1978 жылдары - Алматы облыстық партия комитетінің нұсқаушысы. 1978-1989 жылдары - Алматы облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, облыстық атқарушы комитеті халыққа білім беру басқармасы бастығы. 1989-1990 жылдары - Қазақ педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 1990 жылы - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің кеңесшісі. 1990-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Президент Аппаратының діни ұйымдармен байланыс жөніндегі бөлімнің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапаталған.

61 жыл бұрын (1953) Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы БАПАНОВ Әлібай Қалтайұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген.

ҚР көркемсурет академиясының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Көптеген гобелен шығармаларының авторы. Жеке көрмелері әлемнің көптеген елдерінде өткізілді. Жұмыстары бірқатар мемлекеттердің мұражайларында сақтаулы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Халықаралық, республикалық байқаулар мен фестивальдардың лауреаты.

61 жыл бұрын (1953) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, педагогика ғылымының кандидаты ФЕРХО Светлана Ивановна дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Зыряновск қаласында дүниеге келген. Өскемен педагогикалық институтын бітірген. Тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі. Педагогика ғылымының кандидаты. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттерінің құрметті профессоры. Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі. Институтты аяқтаған соң, білім саласында әр түрлі қызметтер атқарды. 1983-1991жж. - Зырян орта мектебінің директоры. 1991-1999жж.- Зырян қалалық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі. 1999-2006 жж.- Шығыс Қазақстан облыстық білім департаментінің бастығы 2006-2007жж.- Өскемен қаласы әкімінің орынбасары 2007-2011жж. IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» ХДП-ның Мәжілістегі фракциясының денсаулық және демография, білім және отбасылық саясаты әлеуметтік Кеңесінің мүшесі. 2012 жылғы қаңтардағы бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» ХДП-нің Мәжілістегі фракциясының Әлеуметтік Кеңесі төрағасының орынбасары. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. «Құрметті білім қызметкері» белгісісінің иегері.

58 жыл бұрын (1956) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі КУЗЬМИН Николай Алексеевич дүниеге келді.

Өскеменде туған. Өскемен құрылыс техникумын, Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. 1973-1974 жылдары Өскемен титан-магний комбинатында (бұдан әрі - ӨТМК) слесарь, жүргізуші болып жұмыс істеді. 1974-1976 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1976-1987 жылдары - ӨТМК-ның слесары, жүргізушісі. 1987-1991 жылдары - ӨТМК-нің экономисі, бөлім бастығының орынбасары. 1991-2012 жылдары - «Титан» «Өндірістік-коммерциялық фирмасы» ЖШС-нің директоры, бас директоры. 2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. «Құрмет» орденімен, «Шапағат», «Білім беру саласының меценаты» медальдарымен марапатталған.

200 жыл бұрын (1814-1861) украин ақыны, суретші, ойшыл ШЕВЧЕНКО Тарас Григорьевич дүниеге келді.

Украинаның Черкассы облысында туған. Петербор қаласындағы Көркемсурет академиясын бітірген. Ол Кирилл-Мефодий қоғамына қатысқаны үшін 10 жылға айдалып, Қазақстанға жер аударылған. 1848 жылы А.Бутаковтың басшылығымен Арал теңізін зерттеу экспедициясына қатысып, 350-ден астам пейзаж, портрет салған. Олардың қатарында «Атқа мінген қазақ», «Арал теңізінің жағасындағы қазақтың киіз үйі», «Қосаралдағы қазақтардың қыстаулары», т.б. суреттері бар. Т.Шевченко 1850 жылы екінші рет қамалып, Маңғыстаудағы Новопетров қамалына (кейіннен Форт-Шевченко) жер аударылды. Оның «Киіз үйде отырған қазақтар», «Қазақ баласы от жағып жатыр», «Киіз үйде», «Келі түйіп тұрған қазақ қызы», «Қазақ қызы Катя», т.б. суреттері осы кезеңде салынған. Осы уақыттарда ол 20-ға жуық повесть, 100-ден астам өлең, 500-ге тарта сурет салған. Ақынның «Түс», «Тәңірінің қолында екі балта» өлеңдерінде, «Егіз», «Варнак», «Бақытсыз» повестерінде жергілікті қазақтардың өмір салты арқау етілген. Шевченко Маңғыстауда 7 жыл болып, 1857 жылы босатылды.

1939 жылдан бастап ақынның есімін есте қалдыру мақсатында Новопетровск бекінісі Форт-Шевченко деп атала бастады. Алматы қаласының бір көшесіне оның аты беріліп, ескерткіші орнатылды. Ақынның шығармалары Ә.Тәжібаев, С.Мұқанов, М.Әлімбаев, Т.Жароков, т.б. ақын-жазушылардың тәржімасымен қазақ тілінде жарық көрді.

10 4 жыл бұрын (1900-1948) Хорватияның королі болған, итальяндық корольдік Савойя үйінің ханзадасы князь Аймоне Маргарита Мария Джузеппе ди Торино дүниеге келді.

8 5 жыл бұрын (1929) Бангладештің 19-шы президенті Зиллур РАХМАН дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1934) Молдаван КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі ВОЛОНТИР Михай Ермолаевич дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1934-1968) тұңғыш ғарышкер, полковник, Кеңес Одағының Батыры ГАГАРИН Юрий Алексеевич дүниеге келді.

Люберцы қаласындағы қолөнер училищесін, Саратов индустрия техникумын бітірген. 1955-1957 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болып, 1-ші Чкалов әскери-авиациялық ұшқыштар училищесін бітіргеннен кейін Солтүстік флоттың жойғыш авиациялық бөлімдерінде қызмет атқарды. 1960 жылы ғарышкерлер қатарына алынды. 1961 жылдан ғарышкерлер отрядының командирі болды. 1961 жылы сәуірдің 12-інде адамзат тарихында тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты. Ол жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды. Бұдан кейін ол ұшқыш-ғарышкер ретінде өзінің ұшу шеберлігін жетілдіріп, ғарышкерлерді үйрету-жаттықтыру ісіне тікелей араласып, ғарыш кемелерінің ұшу процесін басқаруға қатынасып отырды. 1968 жылы Әскери-әуе инженерлік академиясын бітірді. 1964-1968 жылдары Ғарышкерлерді даярлау орталығы бастығының орынбасары болды.

«Ленин» орденімен, медальдармен және көптеген шет ел ордендерімен марапатталған. Гагаринге Чехословакияның Социалистік Еңбек Ері, Болгарияның Батыры, Венгрияның Еңбек Ері атақтары берілді. Гагарин ұшақпен ұшу кезінде қаза тапты. Мәскеу облысының Монинодағы Әскери-әуе академиясына, Айдың арғы бетіндегі кратердің біріне Гагарин есімі берілді. 1968 жылы Халықаралық авиациялық федерация Ю.Гагарин атындағы алтын медаль тағайындады. Ресейдегі Ғарышкерлерді дайындау орталығы, Ресей Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу кемесі, дүние жүзінің көптеген оқу орындары, қалалар, көшелер мен алаңдар Гагарин есімімен аталады. Мәйітінің күлі Мәскеудің Қызыл алаңындағы Кремль қабырғасына қойылған.

5 7 жыл бұрын (1957) Бүкіләлемдік банктің Орталық Азия елдері бойынша директоры MOТУ Koниши дүниеге келді.

На занимаемой должности - с января 2012 года.

Қызылорда облысының білім басқармасының бастығы бұрын (1976) Қызылорда облысының білім басқармасының бастығы МҰХИМОВ Абзал Сансызбайұлы дүниеге келген. Қызылорда облысында туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдаған. 1994-2001 жылдары Қызылорда қалалық және облыстық телеарналарда (республикалық телеарналарда қосымша) тілші, аға редактор қызметтерін атқарған. 2001-2003 жылдары «Облыс әкімінің жанындағы жастарды қолдау орталығы» МКК директоры қызметін атқарған. 2003 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімі. 2003-2005 жылдары Қызылорда облысы, Сырдария аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас маманы. 2005-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі басқарма бастығының орынбасары. 2008-2010 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары. 2010 жылы Қазақстан Респбликасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі кадрлық және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің директоры. 2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры. 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Қызылорда облысының білім басқармасының бастығы.