9 наурыз. Туған күн иелері
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 9 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Қызылорда облысында туған. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (1973); В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын (1979) бітірген.
Еңбек жолы: Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің арнаулы пәндер оқытушысы (1981 жылдан); Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы.
Көптеген сурет, түс кілемдердің авторы, оның туындылары ҚР Президентінің резиденциясын, «Ақ бұлақ» демалыс үйінің банкет залын безендіріп тұр. Суретші еңбектері көптеген республикалық, халықаралық көрмелерде, симпозиумдарда көрсетілді. Солардың қатарында: бүкілодақтық «Сенеж» шығармашылық тобы (РСФСР, 1986); Канн халықаралық көрмесі (Франция, 1989); «Көркемсурет текстилі-1989» халықаралық конкурсы (Рига); Польшадағы кілемдер халықаралық конкурсы (1994); Түркиядағы халықаралық кілемдер конкурсы (1995); Тегерандағы Мұсылман елдерінің халықаралық өнер фестивалі (1995); «Киіз-98» халықаралық симпозиумы (Вильнюс, 1998); II Халықаралық симпозиум (Дания, 1998), т.б. бар.
Оның суреттері Қазақстан, Ресей, Украина, Польша, Дания, Испания музейлерінде, Қазақстан, Франция, Америка, Лихтенштейн, Түркия, Германия, Швеция, Швейцария елдеріндегі жекеменшік коллекцияларда сақтаулы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2003); ҚР Мәдениет министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған.

67 жыл бұрын (1955-2016) белгілі ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Скандербек Өмірбекұлы ЖОЛДАСБЕКОВ дүниеге келген.
Шымкентте туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін бітірген (1977).
Еңбек жолы: Алматы ауыр машина жасау зауытының комсомол комитеті хатшысының орынбасары (09.1978-12.1978); Қазақстанның ЛКЖО Алматы облыстық комитеті комсомол кадрлар секторының инструкторы, меңгерушісі (1978-1981); Қазақ КСР Ғылым академиясының Механика және машинатану институтының кіші ғылыми қызметкері (1981-1983); Қазақ КСР Ғылым академиясының Механика және машинатану институтының аға ғылыми қызметкері (1983-1989); Қазақ КСР Ғылым академиясының Механика және машинатану институтының бас ғылыми қызметкері (1989-1990); «Машинажасау» республикалық ғылыми-инженерлік орталығының директоры (1990-1992); ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі (03.1992-09.1992); ҚР Президенті және Министрлер Кабинеті аппаратының ғылыми-техникалық прогресс бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1992-1993); ҚР Премьер-Министрінің көмекшісі (1993-1995); ҚР Ғылым академиясы Механика және машинатану институтының директоры (1995-1997); ҚР ғылым министрінің - Ғылым академиясы президентінің орынбасары (1997-1998); «Машинажасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры (1998 жылдан); академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының директоры (2010 жылдан).
Жоғары сыныптағы механизмдер теориясына қосқан сүбелі үлесі үшін В.Г. Шухов атындағы халықаралық алтын медальмен марапатталған.

Ақтөбе қаласында туған. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (тарих және кеңестік құқық), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясын, 1996 жылы Алматыда Абай атындағы мемлекеттік университетті (отандық тарих – Қазақстан тарихы), 2005 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірді.
Еңбек жолы: 1989-1991 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында «Заң негіздері» пәнінің оқытушысы, 1991-1992 жж. Ахмет Йассауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінде тағылымгер-зерттеуші, 1992-1993 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің оқытушысы, 1997-1999 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жетекші консультанті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясының мемлекеттік-құқықтық ережелер кафедрасында аға оқытушы, доцент, тағы басқа көптеген ғылыми қызметтер атқарды.
Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың қаңтар айынан бастап.