9 сәуірге арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысы мен Астана қаласында оңтүістік-бастыстан соққан желдің күші 15-20, кейбір жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Қазақстанның солтүстігі мен батыс бөлігінде атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының қолайсыздығы сақталады. Жер-жерлерде жауын-шашын болып, көктайғақ орын алып, күшті жел соғып, солтүстіктің басым бөлігінде жел күшейеді. Атап айтқанда, Қостанай облысында желдің екпіні 15-20, кейбір жерлерінде 23 метрге дейін барып, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші 17-22 метрге жетсе, Жамбыл облысында түнде кейбір аумаққа тұман түсіп, күндіз жел күшейіп, 15-20 м/с дейін барады. Қарағанды облысының жер-жеріне тұман түсіп, жел күшейіп, 15-20 м/с болады деп күтілуде. Ал Павлодар мен Шығыс Қазақстан облысында түнде, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, екпіні секундына 15-23 метрге дейін жетеді деген болжам бар. Сондай-ақ Маңғыстау облысының жер-жеріне тұман түседі деп күтілуде.