9 шілдеде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 9 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9 шілдеде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН


11:00-де «Алай» базарында волонтерлар Құрбан айт мерекесіне орай тұрмысы төмен отбасыларға және мұқтаж жандарға ет таратады.


19:00-де «Астана Балет» сахнасында «Орфей мен Эвридика» балетінің премьерасы өтеді.


19:00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «CHANEL №5» деректі драмасы көрсетіледі.


19:30-да Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залында «Абысын-ажын» байқауы өтеді.